Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары @apa.kz қабырғасында оқуларын жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Қостанай облысынан білім алушылардың қатары 2 мемлекеттік қызметшімен толыққан болатын. Бүгін Наталья Мурсалина оқуға түсу тәжірибесімен және бірінші оқу жылындағы әсерімен бөліседі.
“Мен – Наталия Мурсалина, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «мемлекеттік саясат» бағдарламасының магистрантымын.
Әр мемлекеттік қызметшінің Академияға түсуге өзіндік себептері бар. Мені мемлекеттік қызметте табысқа жету үшін өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге ұмтылу ынталандырды. Дәл қазіргідей өзгермелі VUCA бұл өте маңызды.
Байқаудың барлық кезеңдері артта қалды. Қазір Академия түлегі бола тұра, қатаң, бірақ әділ әрі ашық конкурстық іріктеуді толқумен еске аламын.
Оқуға қатысты менің пікірім ойымнан шықты және күні бүгінге дейін пікірім өзгерген жоқ. Менің түсінгенім, Академия – бұл «қарапайым типті» жоғары оқу орны емес , бұл жерде үнемі «тонуста» болып, өз позицияңды дәлелдеп, қорғай алатын жағдайда болу керек, сонымен қатар сауатты, сындарлы диалог жүргізе алу қажет.
Бізге еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін сырт көзбен қарауға және оны дамыту мен жетілдірудің өз нұсқаларын ұсынуға бірегей мүмкіндік туды.
Сондай-ақ еліміздің түрлі өңірлеріндегі мемлекеттік қызметшілер арасында үнемі тәжірибе алмасу адамның ой-өрісін кеңейтіп, кәсібилікті дамытады.
Мен үшін Академияда алған ең маңызды дағды – командада жұмыс істей білу. Жарты жыл бұрын менің ұраным «егер жақсы нәтижеге қол жеткізгің келсе, онда өзің жаса» болатын. Қазіргі таңда менің ойым түпкілікті өзгерді, тек командалық ойыншылар ғана көшбасшы болатынын түсіндім.
Мені Академиядағы оқуым енді басталғаны және алда мені әлі де көптеген шығармашылық, қызықты оқиғалар мен танысулар бар екені қуантады.” – бөлісті Наталия.