News

“Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына” арналған сурет байқауы

Өткен сенбіде @apa.kz Қостанай облысы бойынша филиалы “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы” тақырыбында балалар арасында өткізілген сурет байқауының қорытындысы бойынша салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара ZOOM алаңы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылып, аталған байқауға 20 -ға жуық экспозиция қабылданды. Байқауға филиал қызметкерлерінің 3-15 жас аралығындағы бүлдіршіндердің жұмыстары ұсынылды.

Жас қыл қалам игерлері тәуелсіздік туралы түсініктерін қағаз беттерінде бейнелеп, өз өнерлерін ортаға салды. Бүгінгі күні бүлдіршіндерің қолынан шыққан туындылар академияның холлынан орын алып, келген қонақтардың назарына ұсынылды.

Байқау барысында ZOOM алаңы арқылы балалар мерекеге өздерінің жүрек жарды тілектерін, , өлең жолдары арқылы жеткізіп, әсем әнде шырқалды. Байқауға қатысқан әр бала филиал атынан дипломмен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Ал біз өз тарапымыздан жас бүлдіршіндерге байқауға қатысқаны үшін алғыс білдіре отырып дендеріне саулық, өмірлеріне жарқын болашақ тілеп, еліміздің бетке ұстар азаматы болуына шын шүректен тілектеспіз.