News

Қазақстан Республикасының ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ұлттық стандарты бойынша сертификаттауға дайындық

Облысымызға жаңадан сайланған ауылдық деңгейдегі әкімдер Академияның Қостанай облысындағы филиалында біліктілігін арттыру семинарында оқып жатқанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Бүгін Қазақстан Республикасының ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ұлттық стандарты бойынша сертификаттауға дайындыққа бағытталған оқытудың 2-кезеңі аяқталды.

Бір апта бойы интерактивті форматта қатысушылар мемлекеттік басқару саласындағы жобаларды басқару саласында теориялық және практикалық білім алды. Атап айтқанда, жобаны басқарудың ерекшеліктері, әдістемесі мен құралдары, ұлттық стандарттың мазмұны, тұжырымдамалық аппараты, жобаларды басқарудың бірыңғай жүйесі түсіндірілді.

Дәріс беруші ретінде жобаларды басқару саласындағы сертификатталған тренер, «Агроөнеркәсіптік кластерлерді дамыту орталығы» ЖШС бас директоры Қанат Әбілмағжанов шақырылды.

Оқу сертификаттау емтиханын тапсырумен аяқталды. Семинардың барлық қатысушыларына белгіленген үлгідегі сертификаттар берілді.

Ауылдық деңгейдегі Әкімшілік басшыларына табысты және жемісті жұмыс тілейміз!