5 қарашада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалында Б корпусының басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының тыңдаушылары үшін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Development day өтті.
Бұл күн филиалдың кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кітаптар көрмесінің ашылуынан бастау алды. Шара бағдарламасында тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы бойынша турнир ұйымдастырылып, оған білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгеруші Майра Бакенова, курс тыңдаушылары Нұрсұлтан Бақытжанов, Олжас Жиенбаев, Жасұлан Дүкенов, Сәния Алхамбаева, Абай Меңдібаев, профессор Замзагуль Шахаман және СММ менеджер Динара Әбішева белсене атсалысты.
Music break-те вокалдық деректерімен филиал қызметкерлері Мейрамгүл Оспанова мен Әсемгүл Трумжанова өнерлерін көрсетті.
Development Day “ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл – тарихи жетістіктер” атты дөңгелек үстелмен тәмәмдалды. Дөңгелек үстелдің модераторы ҚФ АГУ профессоры Замзагуль Шахаман, спикерлер – Мемлекеттік қызмет ардагері, профессор Қалқаман Жақып және Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Сүйіндіков болды. Олар өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, жақында осы қызметке сайланған ауыл әкімдерінің көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
Жағымды ахуал жағдайында жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқаруды дамыту және мемлекеттік қызметшінің этикасы мәселелері бойынша пікір алмасылды.