Тәуелсіздік алған кезден бастап Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жаһандану үрдістеріне жауап беретін және көші-қон ағынын ұлттық қауіпсіздікті нығайту, демографиялық ахуалды жақсарту және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мүддесінде пайдалануға бағытталған өзіндік көші-қон саясатын жүргізе бастады. Бұл мәселе бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпайды.
Сондықтан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының профессоры-Зәмзәгүл Шахаман және филиалдың аға оқытушысы Дариха Ақмұхамбетова Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Халықаралық Даму Қорымен бірлескен жоба бойынша “Қазақстандағы көші-қон және жұмыс күшінің ұтқырлығын басқаруды жетілдіру” тақырыбындағы тренингке қатысып, оқудан өтті.
Әріптестерімізді тренингтің сәтті өтуімен құттықтап, алған білімдеріңізді тәжірибеде тиімді қолдануға тілектестік білдіреміз!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына @ apa.kz және кәсіби даму институтына @ipr.apa.kz қызметкерлерді оқытуға және білімдерін жетілдіруге мүмкіндік бергендері үшін алғысымызды білдіреміз!