Денисов ауданы әкімінің аппаратында “Филиал күні” а.ж. 19 мамырында аудандық аппараттың және ауылдық округ әкімдіктерінің 40-қа жуық мемлекеттік қызметкерлерін жинады. Кездесу гибридті форматта өтті, қатысушылардың бір бөлігі ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылды.
Кездесу барысында Академия мен оның филиалдарының сервистері мен қызметтері, яғни жобалық менеджмент бойынша оқыту, сертификаттау және кеңес беру, ISO 37001 “Парақорлыққа қарсы іс-қимылдың менеджмент жүйесі” халықаралық стандартын енгізу бойынша консалтингтік қызметтер, жеке және ұжымдық коучинг және т.б. сөз болды.
Алайда кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерді академияға түсуге ынталандыру, тиісті ережелер мен рәсімдерді түсіндіру болды. Бұл жөнінде Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова сөз сөйледі. Академияның және “Болашақ” бағдарламасының түлегі, Қостанай облысындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектер қауымдастығына бастамашы ретінде, ол мотивациялық сөзін өзінің өмірлік тәжірибесімен байланыстырып баяндағаны, сөздеріне сенімділік пен эмоционалды рең берді.
Филиал доценті Татьяна Зуева “Уақытты басқару” промо-тренингінің барысында әдістер жиынтығымен таныстырып, мемлекеттік қызметшінің тиімді тайм-менеджменті бойынша экспересс-тестілеу жүргізіп, ұсынымдар жасады. Қатысушыларға хронофаг пен көп функция тиімділікті өлтірушілер екендігі белгілі болды. Уақытты тиімді басқару құралдарын егжей-тегжейлі талдап, тәжірибеге негізделген жаттығулар арқылы берген білімді бекітті.
Филиал мұндай кездесулерді кез келген мемлекеттік органда алдын ала берілген өтінім негізінде барып өткізуге дайын.