News

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсу мәселелері бойынша ақпараттық сессия

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы  @apa.kz  – на  2022-2023  оқу жылына оқуға түсу ережелерін  облыстың мемлекеттік қызметшілері арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың   3 наурызда ҚР Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен онлайн форматта  кездесу өткізді.

Ақерке Дәуренбекқызы  мемлекеттік қызметшілерге оқуға түсудің жаңа ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, Академияда оқу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ ол барлық ниет білдірушілерді Pre-Sessional дайындық курстарынан өту мүмкіндігі жайлы хабардар етіп, өз күшіне күмәнданбауға және оқуға түсуге құжат тапсыруға шақырды!

Құжаттарды қабылдау  басталып кеткендігін естеріңізге саламыз!

Қосымша ақпаратты  +7 776 522 92 72 телефоны арқылы білуге болады.