2021 жылғы 18 қарашада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында Сараптамалық кеңестің отырысы болып өтті. Сараптамалық кеңес бір жыл бұрын құрылған және оның құрамына мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік органдардың қазіргі басшылары, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері кіреді. Отырыстың басты мақсаты 2022 жылға арналған оқу кестесінің жоспарының аймақтық компонентіне кіретін семинарлардың тақырыптары бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.
Филиал директоры Ақерке Бекахметова қатысушыларды ағымдағы жылғы филиалдың қызметімен, оның ішінде оқу процесін ұйымдастырумен, сондай-ақ алдағы жылға арналған филиалдың оқу жоспарының негізгі компонентіне енгізу үшін академия қалыптастырған және ұсынған оқыту жоспарының жобасымен таныстырып өтті.
Бір жарым мыңнан астам тыңдаушылардың сауалнамаларын, сондай-ақ кері байланыс және постмониторинг сауалнамаларын талдау негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова көлемді баяндама жасады.
Бұдан әрі филиалдың профессорлық оқыту құрамы өңірлік компонент тақырыптарын кеңес мүшелеріне назарына ұсынып, тақырыптар аясында қызу пікірталас басталды. Кеңес мүшелері «Нұр Отан» партиясы төрағасының Қостанай облысы бойынша орынбасары Бибігүл Аққожина, облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Қапенова, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Арман Испудинов, мемлекеттік қызмет ардагері Валерий Вишниченко өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салып белсенділік танытты. Атап айтқанда, оқыту барысында әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға көңіл аудару қажеттігі туралы айтылды. Бұл жаңа сайланған ауыл әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер өздерінің ауылдастарына, мемлекеттік қызмет алушыларға аталған бағдарламалардың мүмкіндіктерін көрсетіп, толық мағлұмат беру үшін қажет. Сонысен қатар, еңбекақы төлеудің факторлық-балдық межесі шеңберінде мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін бағалау индикаторларын дұрыс әзірлеу, тәуекелдерді басқару және сценарийлік жоспарлау, мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қарастыру ұсынылды.
Мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар практиктермен филиал қызметкерлерінің пікір алмасуы өте жемісті болды.