Үстіміздегі жылдың 22-24 қарашасы аралығында Академияның Қостанай филиалында «Шешім қабылдау технологиялары. Қоғамдық ұйымдармен жұмыс жасау» тақырыбында семинары өтті. Аталған семинарға Қостанай облысының 8 өңірінен және 18 мемлекеттік органнан 23 мемлекеттік қызметші қатысты.
Семинар екі блоктан тұратын тақырыптарды қамтыды.
Бірінші блок құзыреттілік тәсіл және Бірыңғай құзыреттер шеңбері контекстінде шешім қабылдау мәселелерін ашты. Адамның психотипі мен шешім қабылдау үрдісі арасында байланыс орнатты. Шешім қабылдау құралдары қарастырылып, ұжымдық және жеке шешім қабылдаудың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Семинардың бірінші бөлімі шешім қабылдау бойынша практикалық ойынымен және брейнсторминг өткізу әдістемесі бойынша жаттығумен аяқталды, осылайша олар алған білімдерін практикалық қолдану дағдыларын бекітті.
Семинардың екінші бөлігінде:
- – Әлеуметтік-саяси қатынастар жүйесіндегі КЕҰ/ҮЕҰ әлеуметтік-экономикалық міндеті.
- – Мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік серіктестігінің стратегиялық негіздері. Қазақстандағы және Қостанай облысындағы қоғамдық ұйымдар: сектордың сипаттамасы, қазіргі заманның сын-қатерлері.
- – Қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар: әлеуметтік мәселелерді шешуге күш-жігерін біріктіру мәселелері қарастырылды.
Аутизммен ауыратын балаларды оңалту орталығы («Аутизм тоқта!» ҚБ) мен ҮЕҰ Облыстық үйі («ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» ҚҚ) сияқты ҮЕҰ қолданыстағы жобаларының алаңдарына сайт-сапарлар ұйымдастырылды. Семинар қатысушылары нақты қоғамдық ұйымдар, олардың қызметі мен жобалары туралы біліп, профильді ҮЕҰ көшбасшыларымен байланыс орнатты. Жақсы нетворкинг қалыптасты.
Осылайша, семинар өзін-өзі дамыту, бастамашылық және шешім қабылдау салаларындағы кәсіби құзыреттіліктің дамуына ықпал етті, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешудегі әлеуметтік серіктестігін нығайтуға ықпал етті.