News

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі»

2021 жылдың 30 қыркүйегінде филиалдың аға оқытушысы Дариха Акмухамбетова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің құқықтық жалпы оқыту шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» тақырыбында сөз сөйледі.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс пен ұйымдарда ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізудің артықшылықтары туралы айтты.

«Стандарт сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін енгізу, қолдау және жақсарту бойынша егжей-тегжейлі талаптар мен ұсынымдардың жиынтығын білдіреді және ұйымдардағы кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерімен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Сондықтан ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізген ұйым құрметті ұйым мәртебесін алады. Ал мұндай мәртебе өз кезегінде ұйымның беделін арттырып, оның бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді», – деді ол.

Сөз соңында спикер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тұрақты негізде бағалаудың маңыздылығы туралы айтып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.