Ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс менеджменті жүйесін құру тетіктері туралы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылғы 22-23 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинарға квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және осы ұйымдар қызметкерлерінің парасаттылық қағидаттарын сақтауға жауапты комплаенс офицерлер қатысты.
Семинарда келесі өзекті тақырыптар қарастырылды:
– ISO 37001 халықаралық стандартының негізгі принциптері мен құрылым.;
– ISO 37001 енгізуді жоспарлау;
– ISO 37001 енгізу;
– Ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың менеджмент жүйесін жетілдіру және сүйемелдеу;
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс.
Қатысушылардың пікірінше, оқу кезінде көтерілген мәселелер мен тақырыптар өте өзекті, сондықтан оларға жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу және сүйемелдеу, сонымен қатар осындай оқытулар мен қолдау қажет.
Семинар тренері з.ғ. к., Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің бас консультанты, ISO 37001 енгізу және қолдау бойынша сертификатталған маманы, НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама саласындағы сарапшысы Талғат Тасқожин болды.