News

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» семинары

Күні кеше филиалда 2021 жылдың соңғы семинары – “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс” біліктілікті арттыру семинары бөлып өтті. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты қаржымен жұмыс жасайтын барлық ұйымдарда комплаенс-офицерлер енгізілуде. Олар ұйым жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және қызметкерлердің парасаттылық қағидаттарын сақтауға ықпал етуге жауапты қызметкерлер.

2021 жылғы 2-3 желтоқсанда онлайн форматта облыстың аудан және қала ауруханалары мен емханаларының 20-ға жуық комплаенс-офицері өз ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жұмысын ұйымдастыру жөнінде білім алды.

Семинарды з.ғ.к., Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің бас консультанты, ISO 37001 енгізу және қолдау бойынша сертификатталған маман, НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу саласының маманы Талғат Тасқожин өткізді.

Семинар қатысушылары оқу барысында қозғалған тақырыптар қазіргі қоғамда кеңінен белең алып отырған өзекті мәселелердің бірі екенін тілге тиек ете отырып, уақтылы ұйымдастырылған семинардың мазмұны жұмыс барысында қолдануға тиімді әрі қол жетімді болғанын айта кетті.

Сонымен қатар, тыңдаушылар Қазақстанда комплаенс-офицерлерді тағайындау – Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізу және сүйемелдеу ісіндегі маңызды және күрделі шара екенін атап өтті.