Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша Филиалында 2022ж. 20 маусымда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» атты семинар өтті.
Семинар барысында Қазақстанда іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, оның негізгі басымдықтары мен ерекшеліктері, ISO 37001 Стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тақырыптары қарастырылды.
Семинар мемлекеттік қызметшілердің көшбасшылық, шешімдер қабылдау, қызметті басқару құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстанда іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы білімін жүйелеу, ISO 37001 Стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті түсіндіру интерактивті презентация, кейстерді талдау арқылы жүзеге асырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі ұйым басшысына әр қызметкердің парасаттылығына (адалдығына) алаңдамауға мүмкіндік береді, өйткені оны жүйе бақылайды. Мұндай жағдайда сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтау және дер кезінде алдын алу мүмкін болады.
Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін меншік нысанына, қызметінің ерекшелігі мен ауқымына, қызметкерлер саны мен құзыретіне қарамастан кез келген ұйым қандай да бір шектеулерсіз енгізе алады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестік тұрғысынан парақорлықпен күрес менеджмент жүйесін сертификаттаудан өткен Қазақстан Республикасындағы алғашқы мемлекеттік ұйым болып табылады.