News

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» семинары

Өткен дүйсенбіде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс” тақырыбында квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысуымен семинар өтті.

Семинар барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, оның басымдықтары мен ерекшеліктері, ISO 37001:2016 халықаралық стандарты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі (СЖҚІМЖ) сияқты тақырыптар қаралды.

Стандарт талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен практика саласындағы білімді жүйелеу интерактивті презентация және кейстерді талдау арқылы жүзеге асырылды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен, атап айтқанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар құқықтық қайшылықтармен бөлісті.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы осы халықаралық стандартқа сәйкестікке сертификаттаудан өткен ҚР-дағы алғашқы мемлекеттік ұйым болып табылады. Семинар қатысушылары мысал ретінде Академиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс бойынша құжаттармен танысты (Саясат, Стандарт, 2022 жылға арналған жоспар, Академия сайтындағы АКС парағын ресімдеу).

Нәтижесінде қатысушылар теориямен оны қолдану практикасында өздері үшін көптеген жаңа нәрселерді үйренгендерін атап өтті.