Кеше Қостанай облысында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің білгірлері анықталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Федоров ауданында жастар арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге арналған «Тәуелсіз елдің тіл шеберлері» облыстық байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушылары Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы.
Конкурс қатысушыларын облыстың белгілі қоғам белсенділері мен лингвистерінен тұратын білікті қазылар алқасы бағалады. Облыстық байқаудың қазылар алқасының төрағасы ретінде @apa.kz Қостанай филиалының директоры Ақерке Бекахметова шақырылды.
Байқауға облыстың әр өңірінен 26 адам қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар:
1 орын – Гульбану Батырханова – Қостанай құрылыс колледжі
2 орын – Асан Көбетаев – Қостанай медициналық колледжі
3 орын – Мадина Нарбек – Қарабалық ауданының қатысушысы
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
«Сөз шебері» – Жансая Жалимбетова-Қостанай педагогикалық колледжі
«Тіл білгірі» – Ботагөз Қалиева-Қостанай педагогикалық колледжі
«Тіл шебері» – Нұрсәуле Кикенова-Арқалық қаласынан қатысушы
Байқаудың барлық қатысушылары байқауға қатысқандары үшін сертификаттармен, жүлдегерлер мен номинанттар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық байқаудың жеңімпазы республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.
Жеңімпаздарға тіл үйренуде табыс және білімдерінің ел игілі үшін пайдалы болуына тілектестік білдіреміз!