«Бос болудан оңай ештеңе жоқ.
Тиімді болудан қиын ештеңе жоқ»
Ален Маккензи,
менеджмент саласының
жетекші маманы
2022 жылғы 14 наурызда “Тайм – менеджмент және қызметтің өнімділігі” тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру семинары өтті. Семинарға облыстың орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің 38 мемлекеттік қызметшісі қатысты. Семинардың спикері – әлеуметтік талдаушы, жаттықтырушы-медиатор, “Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы”ҚҚ құрылтайшысы Игорь Зуев болды.
Семинарда келесі мәселелер қозғалды:
- Мемлекеттік қызметшінің кәсіби қызметіндегі тайм-менеджменттің өзектілігі, өзін-өзі тану практикумы;
- Уақытты басқару әдістері мен тәсілдері;
- Басымдықтар, тиімді әдістер және жоспарлау құралдары;
- Жұмыс уақытын ұйымдастыру: хронофаг, хронометраж, Паретто принципі, Альпі әдісі.
Бұл мәселелерді ашу қызметті басқару, жеделдік,өзін-өзі дамыту сияқты уақытты басқарумен байланысты тыңдаушылардың құзыреттілігін дамытуға бағытталды.
Семинар тыңдаушылары сабақ барысында игерген уақытты тиімді пайдаланудың практикалық құралдарының маңыздылығын атап өтті.