2020 жылдың 25 желтоқсаны күні сағат 15:00-де ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облыстық филиалында өткен жылдағы филиал қызметінің қорытындысын шығаруға бағытталған “The year Awards-2020” салтанатты онлайн іс-шарасы өтеді.
Іс-шара барысында Академия филиалымен белсенді ынтымақтасатын ұйымдарды, 2020 жылы Академия филиалының өміріне қолдау көрсетіп, белсенді қатысқан жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, оқытушыларды, Академия түлектерінің облыстық қауымдастығы мүшелерін, қызметте жетістіктерімен көзге түскен филиал қызметкерлерін марапаттау рәсімін өткізу жоспарланған.
Сондай – ақ, “Жылдың үздік оқытушысы – 2020”, “Персоналды басқару қызметінің үздігі”, “Адал тапсырыс беруші” және әлеуметтік желілерде филиалдың қызметін белсенді қолдағандар арасынан “Жыл оқырманы” номинациялары бойынша үздіктер аталып өтіледі.
Іс-шара онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өтетін болады.