News

“Төрткүл дүние таныған тәуелсіздік нышандары” атты кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесері

Қостанай облысы бойынша филиалының қызметкерлері  2022 жылдың 17 ақпанында  Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасының  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған “Төрткүл дүние таныған тәуелсіздік нышандары ” атты кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесеріне қатысты.

Іс-шарада мерейтой күнінің маңыздылығы туралы филиал әдіскері Мейрамгүл Оспанова өз пікірімен бөлісіп,  мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен бірегейлігін бейнелейтін ажырамас атрибуттарының бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Мейрамгүл Жұмалдинқызы таныстырылым қатысушыларына Қазақстанның туы қайда, қашан және қандай оқиғалар кезінде көтерілгені туралы айтып берді. Мысалы: 2012 жылғы 23 ақпанда Қазақстандық Андрей Гундарев Оңтүстік Американың ең биік шыңы – “Охос-дель-Саладоны” бағындырды, нәтижесінде Қазақстан туы әлемдегі ең биік жанартауға көтерілді.