News

“Жергілікті өзін-өзі басқаруды трансформациялау” семинары

2021 жылдың 15 қазанында @apa.kz  Қостанай филиалында облыстың жаңадан сайланған ауылдық округтері әкімдерін оқытудың бірінші кезеңі аяқталды. Екі апталық оқу барысында мемлекеттік қызметшілер ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өз құзыреттерін арттырды. Атап айтқанда:

  • – ауылдық бюджетті жоспарлау және басқару,
  • – мемлекеттік сатып алуды жоспарлау,
  • – коммуналдық меншікті басқару,
  • – салықтық түсімдер,
  • – сондай-ақ ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын тереңнен зерделеді,
  • – түрлі БАҚ арналары мен құралдары арқылы тиімді коммуникациялар және мемлекеттік саясатты ілгерілету дағдыларын арттырды.

Оқудың 2-кезеңі 2021 жылғы 25-29 қазан аралығында жалғасып, ҚР ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару бойынша нұсқаулық» ұлттық стандарты бойынша сертификаттауға дайындауға бағытталатын болады.