Жаңалықтар

1 Наурыз Алғыс айту күніне арналған іс-шара

Алғыс айту күні аясында Академия филиалында тақырыптық development day ұйымдастырылды.

Алғыс айту күні — еліміздегі татулық пен келісім, қазақстандықтардың адал еңбегі мен үндестігінің айқындамасы. Көктемнің алғашқы күні аталатын мереке ата-аналарымызға, достарымызға, әріптестерімізге, елімізге, жерімізге алғыс айтуымызға тамаша мүмкіндік.

Іс-шара аясында Академия тыңдаушыларына Алғыс айту күнінің тарихы туралы ақпарат беріліп, осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдірудің маңызы айқындалды. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтарды дәріптеудің ұлтты ұйыстырудағы рөлі талқыланды.

Development day — бірімізге біріміз алғыс айтып, ризашылығымызды білдірумен жалғасты.