Филиалда оқыту кестесіне сәйкес бірінші жарты жылдықтағы соңғы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы өз мәресіне жетті.
120 академиялық сағаттан тұратын курстың оқу жоспары келесі бағыттарды қамтыды:
- Стратегиялық ойлау;
- Болашақ құзыреттіліктер;
- Тиімді коммуникациялар;
- Өңірлік компонент.
Тыңдаушылардың бірыңғай құзыреттер шеңберіне (БҚШ) сәйкес құзыреттерін дамыту мақсатында білікті тренерлер – мемлекеттік қызмет практиктері мен филиалдың оқытушы-профессорлық құрамы “Стратегиялық менеджмент”, “Креативтілік және инновациялар”, “Эмоционалды интеллект”, “Жобалық менеджмент”, “Тиімді коммуникация дағдылары”, “Өңірлік саясат: күшті өңір құралдары” және тағы басқа тақырыптар төңірегінде түрлі тренингтер жүргізді.
Курс барысында тыңдаушылармен жобалық менеджмент тәсілдерін қолдана отырып бірнеше жобалардың жарғылары даярланды. Қорытынды бақылау нысаны ретінде мазмұны мен нәтижесі Қостанай өңірінің әр түрлі салаларындағы қазіргі жағдайды жақсартуға бағытталған келесі жобалық жұмыстар қорғалды:
- «Qazaqlive»;
- «Көмек қолын соз»;
- «Еңбекқор ара»;
- «10-AIMAQ»;
- «Бізбен бірге демалыс».
Барлық жұмыстар жоба менеджменті бойынша сертификатталған комиссия мүшелерімен қаралып, жоғары бағаланды.
Жалпы, оқыту нәтижесі бойынша тыңдаушылар, курстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және алған білімдерінің жұмыс барысындағы тәжірибелік құндылығын атап өтті.