Достар, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің Қостанай облысы бойынша қауымдастығының құрылғанына 2 жыл толғанын қуана хабарлаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың ақпан айында біздің филиалда Қостанай облысының аумағында жұмыс істейтін академия түлектерінің алғашқы кездесуі өтті. Бүгінге, 2 жыл бойы Түлектер қауымдастығының мүшелері Академия филиалымен және облыстың мемлекеттік қызмет Департаментімен тығыз қарым-қатынаста мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша жұмыс жүргізіп, Академия мен Филиалдың бренд амбассадорлары ретінде қызмет етеді, облыстың мемлекеттік қызметшілерін @apa.kz оқудың перспективалары мен жағымды жақтарымен таныстырады.
Мерейтойға орай қауымдастықтың барлық мүшелеріне шығармашылық және зияткерлік күштерін ортақ іске қосып, қауымдастық қызметіне жан-жақты қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.
Қазақстан халқының игілігі үшін жасап жатқан ең батыл идеялардың табысты жүзеге асуына және өркендеуіне тілектеспіз!