Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында жоспар-кестеге сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметінің «Б» корпусына алғаш келген және алғаш рет басшы лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарын, сонымен қатар біліктілікті арттыру семинарларын өткізу үшін тартылатын оқытушыларды іріктеу конкурсы өткізілді. Байқау екі күн бойы ZOOM арқылы онлайн форматта өтті.
Комиссия құрамында филиалдың басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кәсіби даму институтынан әріптестер, сондай – ақ «Qostanaı-adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің басшысы Анжела Альжанова және «Қостанай облысы әкімі аппараты» ММ персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Элина Попова болды.
Байқауға қатысушылар қажетті құжаттарды ұсынып, өз пәндерін таныстырды. Комиссия мүшелері өз кезегінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсынылған мәліметтер негізінде құзыреттері жоғары оқытушыларға іріктеу жүргізді.