Жаңалықтар

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара

2023 жылдың 1 маусымында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы «Тілдарын «облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-мен ынтымақтастық аясында ҚР Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізді. Бұл оқиға республика туының авторы Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына да арналды. Бұл іс-шараға бірінші рет басшы лауазымына тағайындалғандар үшін қайта даярлау курсының тыңдаушылары қатысты.✔️

Спикерлер филиалдың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Айнұр Нақышбаева, филиал профессоры Зәмзәгүл Шахаман және «Тілдарын «облыстық тілдерді оқыту орталығының» басшысы Тоты Айтмағамбетова болды. Басында Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің пайда болуына қысқаша тарихи шолу берілді. Ту, Елтаңба мысалында қазіргі мемлекеттік рәміздердегі қазақтардың философиясы мен мифологиясының көрініс табылуы көрсетілді.
Қатысушылар ұлттың бірыңғай мәдени кодын қалыптастыру, Қазақстан халқын біріктіру және балалар мен жастарды патриотизмге тәрбиелеу үшін мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын талқылады.

«Дөңгелек үстел» патриоттық әндерді орындаумен аяқталды.