Жаңалықтар

«Әйелдер көшбасшылығы: мансап пен отбасының тепе-теңдігін қалай сақтауға болады» біліктілікті арттыру семинары

«Әйелдер көшбасшылығы: мансап пен отбасының тепе-теңдігін қалай сақтауға болады» біліктілікті арттыру семинары ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 45-46 тармақшаларын практикалық іске асыруға бағытталған. Бағдарламаның мазмұны:

— Мансаптың сатылы моделін құру процесінде әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру және көрсету ерекшеліктері. Мансаптық және кәсіби даму жолындағы ішкі кедергілерді еңсеру.

— Мемлекеттік қызметтегі көшбасшылық құзыреттерді дамыту және әйел басшылардың мансаптық өсу құралдары мен технологиялары.

— Көшбасшылықтың ерлер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктері. Әйелдер көшбасшылығының түсінігі мен мазмұны. Ситуациялық көшбасшылық. Команда мен ұйымдағы ықпал ету стратегиясы.

— Әйелдің психологиялық, жыныстық және гендерлік дамуының негізгі кезеңдерін талдау. Мансап және отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтауға болады? деген сұрақтарды ашты.

Семинар мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің тәжірибесінде алған білімдерін қолдану бойынша «Басшы әйелдер кездесетін сын-қатерлер мен қиындықтар: оларды қалай жеңуге болады?» тренингімен аяқталды.

Әйел мемлекеттік қызметшілер тәжірибелі жаттықтырушылар

Игорь Зуев, жаттықтырушы-медиатор, практик психолог, Eurasian Training Centre, ETC (Еуразиялық мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығының (Қазақстан-Ирландия) түлегі, «Қостанай облысы медиаторлар қауымдастығы» ҚҚ тең құрылтайшысы;

Гүлмира Қапенова, Сертификатталған жаттықтырушы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері жөніндегі комиссияның өңірлік кураторы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшесі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық қоғамдық бақылау тобының мүшесі;

Шолпан Нұрқанова, экономика магистрі, жаттықтырушы, қосымша білім беру орталығының басшысымен бірге өңірдегі әйелдер көшбасшылығын дамытуға байланысты жобалық бастамалар әзірледі.