Жаңалықтар

Академия филиалының Қостанай ауданына іс-сапары

2022 жылғы 28 сәуірінде Академия қызметтерінің клиентке бағдарлану басымдылығын қолдау мақсатында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова Қостанай ауданының мемлекеттік қызметшілерімен және квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесті.

Филиал директоры «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы – тиімді көшбасшылық пен кәсіби менеджерлерге арналған зияткерлік платформа» тақырыбында сөз сөйледі. Мемлекеттік басқару академиясында магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу, Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының қызметі мен қызметтер желісі, атап айтқанда, жобалық менеджмент бойынша, ISO 37001 халықаралық стандарты бойынша оқыту және сертификаттау, Ассессмент-орталығының мүмкіндіктері және ӘРПК бойынша оқыту бойынша ақпарат берді.

Аталған іс-шара қатысушыларын Академияда оқуды аяқтаумен жұмысты өтеу мәселесі, Академияға оқуға түсуге ниет білдірушілер үшін жас шектеулерінің болуы, сондай-ақ ақылы негізінде оқу мүмкіндігі, зерттеу тақырыбын, оқу бағдарламасын таңдау мәселелері қызықтырды. Спикер барлық сауалдарға толық жауап берді.

Кездесу Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Зәмзәгүл Шахаман өткізген «Тиімді коммуникациялар» тақырыбында промо-тренингімен аяқталды.