Жаңалықтар

Академия түлектері қауымдастығы мүшелерінің кездесуі

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында @apa.kz түлектерінің Қостанай облысы бойынша қауымдастығы (бұдан әрі – Қауымдастық) мүшелерінің кездесуі өтті. 

Кездесу 2021 жылғы Қауымдастық төрағасы Арман Испудиновтың кіріспе сөзімен басталды. Арман Жақсыбекұлы күн тәртібін айтып,  мәселелерді талқылауға кірісті. Іс-шара барысында 2021 жылдың қорытындысы шығарылып, қауымдастықтың 2022 жылға арналған жұмыс жоспары пысықталды.

Кездесу барысында «Мемлекеттік қызметшілерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу»жобасының тұжырымдамасына ұсыныстар әзірлеу бойынша брейнсторминг болып өтті. Естеріңізге сала кетейік, ҚР-ның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары мен мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде осы жобаны іске асыру жоспарланған, оның мақсаты мемлекеттік қызметшілерді өзін-өзі дамытуға ынталандырудың жаңа құралдарын енгізу және 2023 жылғы 1 желтоқсанға қарай ақпараттық-білім беру платформасын құру арқылы үздіксіз оқыту жүйесін іске қосу болып табылады.

Ұзақ талқылау нәтижесінде бірқатар пәрменді шаралар ұсынылды, мысалы, мемлекеттік қызметшілерді өз бетінше оқытуға және біліктілігін арттыруға ынталандыру, Lifelong learning қағидатын танымал ету және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқудан өту тәртібі мен жиілігін регламенттейтін НҚА-ді қайта қарау қажеттігі туралы айтылды.

 Сондай – ақ, Қауымдастық саясатына сәйкес дәстүрлі түрде Төраға қайта сайланып, 2022 жылы Қостанай Қауымдастығының Төрайымы болып Ақерке Бекахметова, қауымдастық қызметінің үйлестірушісі болып Шолпан Сахова сайланды.