Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің Қостанай облыстық қауымдастығының (бұдан әрі – Қауымдастық) мүшелері жергілікті жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесулерін жалғастыруда.
Кезекті кездесу онлайн форматта 2021 жылғы 29 қарашада Рудный индустриалдық институтының студенттерімен өтті. Қауымдастық мүшесі, Федоров ауданы әкімінің орынбасары Арнұр Сартов және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ерлан Салықбаев студенттерге мемлекеттік қызметтегі жұмыстың болашағы туралы айтып, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметімен және оның студенттерге беретін мүмкіндіктерімен таныстырды.
Студенттер мемлекеттік қызметтегі жұмыстың оң жақтары туралы баяндамаларды мұқият тыңдап, спикерлерге алғыстарын білдіріп, ұсынылған ақпаратты оқу орнын аяқтағаннан кейін болашақта мамандықты таңдау кезінде ой елегінен өткізіп, таңдау жасайтындарын айтып өтті.