Жаңалықтар

«Кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» семинары

Кеше «Кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» семинары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Карина Кистаубаева тыңдаушыларымыз үшін практикум өткізді. 

Карина Мирамқызы тыңдаушылармен өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында іске асырылып жатқан бағдарламалар туралы ақпаратпен бөлісті, Қостанай облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үшін қабылданып жатқан шаралар туралы және 2023 жылғы №4 үлгілік базалық бағыт бойынша жобаны іске асыру қорытындылары туралы айтты.

Сондай-ақ, тыңдаушылар басқарма жұмысымен танысып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.