ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы басшысының орынбасары Бақыт Злобин «Мемлекеттік аппараттың тиімділігі: мемлекеттік қызметтегі жаңа тәсілдер» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында кәсіби мемлекеттік қызметшілерді дамытудағы жобалық менеджменттің рөлі туралы баяндап берді.
Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша онлайн форматта өтті.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектер қауымдастығының, ПЖКР резервінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен персоналды басқару қызметтерінің басшылары мемлекеттік қызметтегі тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа тәсілдерді, сондай-ақ қазіргі жағдайда қойылған мақсаттар мен міндеттерге барынша жауап беруі тиіс отандық мемлекеттік қызметтің жұмысын талқылады.
Өз тәжірибесімен мемлекеттік басқару академиясының түлектер қауымдастығының мүшесі, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Арман Испудинов бөлісті.
Талқылау тақырыбы өзекті және қызықты болғандықтан кездесу нәтижелі сындарлы диалог түрінде өтті.