Академияның Қостанай облысы бойынша филиалы «Мемлекеттік органдағы филиал күні» жобасын іске асыруды жалғастыруда. 2022 жылғы 07 сәуірде «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының) Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесу спикерлері: Майра Бакенова — білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі және филиал профессоры Зәмзәгүл Шахаман.
Кездесуге қатысушылар үшін Мемлекеттік басқару академиясының арналған магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 2022 жылға оқуға қабылдау алгоритмі, қабылдау ережелері, құжаттарды тапсыру рәсімі, конкурстық іріктеу кезеңдері бойынша презентация көрсетілді. Кейін «Коучинг»тақырыбында имидждік тренинг өткізілді.
Кездесуге қатысушылар Академияға түсу үшін ағылшын тілінде тестілеуді тапсыруға, оқу бағдарламасын таңдауға, модульдік оқыту деген не және сұхбатқа қалай дайындалу керек екендігі және кейстерді шешуге байланысты белсенді сұрақтар қойды.
Имидждік тренингті де қатысушылар қызығушылықпен қабылдады, әсіресе «өмірдегі 3 маңызды нәрсе», «өмірдегі 3 маңызды мақсат», «жерлеу», «күшті коучинг сұрақтары» жаттығуларына жағымды пікірлер айтылды. Тренингке қатысушылар «үйлену тойы» коммуникативті ойыны туралы да оң пікір білдірді.