Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметші жұмысының өнімділігі және тайм-менеджмент

Олардың арасында қандай байланыс бар? Уақытты басқару арқылы өнімділікті қалай арттыруға болады, оған қандай әдістер мен амалдар арналған? Уақытты басқару процесінде еңбек тиімділігін арттыруға не көмектеседі және не кедергі келтіреді? Неліктен бұл бүгінгі күні маңызды? Өткен аптада «Тайм-менеджмент және қызметтің өнімділігі» семинарының 80-нен астам тыңдаушысы осы сұрақтарға жауап алды.

Семинар  ҚР Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында 2021 жылғы 29 қазанда өтті.

Семинар онлайн (1 топ) және офлайн (2 топ) форматында өткізілді. Уақытты басқару әдістері мен амалдарын,  жоспарлаудың  құралдары мен қабылдауын қодану бойынша  интерактивті жаттығулар, өзін-өзі тану практикумдары оқу уақытының 70% құрады. Тыңдаушылар мемлекеттік басқарудың ерекшелігіне тән хронофагтарды анықтап, оларды азайту әдістерін анықтады.

Семинар барысында біз ең үлкен қиындық функционалды белсенділік басым болатын жүйеде басымдықтарды дұрыс қою қиын екенін түсіндік. Кез келген мемлекеттік орган қызметіндегі бизнес-процестерді жақсарту мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің өнімділігін арттыру жолындағы неғұрлым перспективалы қадам ретінде ұсынылады.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушылардың кері байланыс сауалнамаларын талдауда  орта есеппен үш топ бойынша алынған білімнің көрсеткіші мемлекеттік қызметші практикасында қолданылуы 78%-ды, семинарды ұйымдастыру сапасына қанағаттану (ұйымдастырушылармен байланыс, платформаларды пайдалану ыңғайлылығы) – 87%-ды, семинардың тыңдаушылар қызметінің функционалдық бағыттарына сәйкес келуі — 99,3%-ды құрағанын куәландырады.  

Ал «Сізге қандай тақырып ұнады?» деген  сұраққа, тыңдаушылар семинар мазмұнының барлық спектрін атап өтті.