Жаңалықтар

«Мінез-құлық түсініктерін пайдалана отырып, тиімді мемлекеттік саясатты әзірлеу» семинары

2022 жылғы 15-17 тамыз аралығында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Мінез-құлық түсініктерін пайдалана отырып, тиімді мемлекеттік саясатты әзірлеу» тақырыбында семинар болып өтті.

Семинар барысында материалды ұсыну негізінде 2017 жылғы Нобель лауреаты Ричард Талердің (Чикаго университеті) «итеру теориясы», мемлекеттік басқарудағы мінез-құлық экономикасы және «жұмсақ түрде реттеу» тәсілдері қолданылды. Адамның ұтымды және ұтымсыз мінез-құлқы, шешім таңдаудағы шектеулер, көшбасшының мінез-құлық құралдары сияқты тақырыптар талқыланды. Соңғылары ретінде келіссөздер жүргізу, команда құру, эмоционалды интеллект, коучинг технологиялары және SMART негізінде мақсаттар құру жолдары мен стратегиялары қарастырылды.

Тыңдаушыларға шетелдік әдебиеттерден кейстер ұсынылды, содан кейін олар өз тәжірибелерінен кейстер жасауға тырысты. Жалпы семинар нәтижелі өтіп, тыңдаушылардың сұраныстары қанағаттандырылды, олар осы 3 күндік семинарды өткізген профессор Зәмзәгүл Шахаманға зор алғыстарын білдірді. Семинардың қатысушылары біліктілікті арттырудың 3 жылда бір реттен жиі өткізілуін ұсыныс ретінде білдірді.