Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!!!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы аға оқытушы лауазымына білікті кандидат іздейді.

Байқауға қатысу үшін үміткерге мыналар қажет:

  • – PhD докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің не ғылыми дәрежесінің, не магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше назарбаев университеті немесе шетелдік жоо);
  • – ғылыми-педагогикалық қызметтегі немесе мемлекеттік қызметтегі немесе филиал бейіні бойынша практикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. ⠀

Егер Сіз өзіңізді осы лауазымға ең лайықты кандидат деп санасаңыз, бізбен бірге өз үлесіңізді қосуға және үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, түйіндемеңізді мына  электрондық мекен-жайымызға kos.info@apa.kz 2021 жылғы 7 қараша сағат 18.30-ға дейін жолдауыңызға болады.

Конкурс бойынша қосымша ақпаратты 8 7142 575124, 575150 телефондары арқылы алуға болады.