Жаңалықтар

«Өңірлерде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» семинары

Өңірлік дамудың стратегиялық бағдарламаларын іске асыру қорытындылары «Қуатты өңір-қуатты ел!» ұраны төңірегінде 2021 жылғы 11-13 қазан аралығында @apa.kz Қостанай облысы бойынша филиалында  өткен «Өңірде мемлекеттік саясатты іске асыру» семинары барысында қаралды.

ҚР стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асырудағы өз тәжірибелері мен білімдерімен бөліскен семинар спикерлері:

  • — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Искендиров,
  • — Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Абылай-хан Кәкенов,
  • — Қостанай облысы бойынша кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Роза Горянная,
  • — сондай-ақ, Қостанай облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырова.

Семинар барысында ҚР Мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы аясында өңірдің мемлекеттік қызметін жаңғырту мәселелері, Мемлекеттік қызметтер сапасын басқарудағы процестік тәсіл, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде әлеуметтік саясатты іске асыру, Қостанай облысының инвестициялық тартымдылығы қаралды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде іскерлік хат алмасуды ресімдеу дағдылары пысықталып, практикалық кейстер талданды.

Семинарға қатысушылар стратегиялық құжаттарды зерделеу дағдыларын, ҚР-ның өңірдегі әлеуметтік — экономикалық бағдарламаларын іске асыру қорытындылары туралы түсінік ала отырып, сондай-ақ шешім қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл сияқты кәсіби құзыреттерін жақсартты.