“Қазақстан-Қостанай” РТРК телеарнасының эфирінде «Тобыл тынысы» бағдарламасы аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова «Президенттік жастар кадр резерві және оның резервистерге ашатын мүмкіндіктері» тақырыбында сөз қозғады.
Бағдарлама барысында Президенттік жастар кадр резервіне (бұдан әрі-ПЖКР) тіркелу, үміткерлерге қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері, сондай-ақ осы елдік жобаның жас қазақстандықтар үшін ашатын жаңа мүмкіндіктері туралы айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы ПЖКР іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 1-30 қыркүйек аралығында https://pkrezerv.gov.kz/ сайтында жүргізілуде. Іріктеу кезеңінің аяқталуына бар болғаны 13 күн қалды, сондықтан жобаға қатысып, өз тағдырын сынауға ниет білдірушілер асықаны жөн!
ПЖКР-не тіркелу және іріктеу кезеңдері туралы толық ақпарат алу үшін @kostanay.apa.kz 8 7142-57-51-24 және 8-7142-544-260 телефоны бойынша хабарласыңыздар.