Біз «Мемлекеттік органдағы филиал күні» жобасын жалғастырамыз. Ағымдағы жылдың 17 қарашасында академияның облыстық түлектер қауымдастығының мүшесі Шолпан Сахованың шақыруымен филиал оның әріптестерімен, яғни ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұжымымен кездесу өткізіді.
Департамент басшысы Төлеген Ташмағамбетов кездесу үшін алғысын білдіріп, мемлекеттік қызметшілерді оқытудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
@apa.kz -ның Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова өз сөзінде филиал қызметі туралы қысқаша ақпарат беріп, филиалдың қызмет көрсету аясының кеңейтілгенін айтып, әр қызмет жөнінде толық ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, қазіргі таңда @apa.kz -да магистрлік және докторлық мамандықтар бойынша оқудың өзектілігі мен артықшылықтары туралы да сөз қозғады.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерді жобалық басқару қағидаттарына сәйкес жұмысқа дайындау мәселесі қызығушылық оятты. Осы тақырыпты келесі кездесуде яғни ағымдағы жылдың желтоқсан айында департамент ұжымымен егжей-тегжейлі талқылауға келісіп, сондай-ақ бүкіл ұжымды корпоративтік оқыту жағдайында оқытуды ұйымдастыруға және сертификаттық емтиханға дайындалуға икемді тәсілдеме мүмкіндіктерін қарастыру жоспарланды.
Кездесудің екінші бөлімінде филиал доценті Татьяна Зуева «Тайм-менеджмент және мемлекеттік қызметші қызметінің тиімділігі» тренингін өткізді.Оған қатысушылар қазіргі жүйелі өзгерістер жағдайында өз уақытын тиімді жоспарлау бойынша білім алды.
Тренингке қатысушылар:
- «Жоспарлау әдістері туралы білу маған пайдалы болды»;
- «Тайм-менеджмент — жұмыс өнімділігі және жалпы өмір үшін қызықты және қажетті тақырып»;
- «Спикерді тыңдау қызықты болды: ақпарат түсінікті, әрі қолжетімді»;
- «Мен өз қызметімде Паретто принципін және 60/40 жоспарлауды, Эйзенхауэр матрицасын және Альпі әдісін, маркография әдісімен желілік жоспарлауды қолданатын боламын» — деген пікірлер айтты.
Жуық арада осы жоба аясында облыстық тексеру комиссиясы мен Қамысты ауданы әкімінің аппаратына сапар ету жоспарлануда.