А.ж. 20 қазанында Республика күнін мерекелеу аясында Академияның Қостанай облысы бойынша филиалында «Қыран елім – Қазақстаным!» атты панельдік пікірталас өтті.
⠀
Іс-шараға басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер курсының тыңдаушылары қатысқан болатын. Панельдік пікірталасқа модератор ретінде филиал профессоры, т. ғ. к. Зәмзәгүл Шахаман, ал спикер ретінде мемлекеттік қызметтің ардагері, саясаттанушы, IV сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, т.ғ.к. Валерий Вишниченко қатысты. Ол қатысушыларға мерекенің тарихын, Республика күнін мерекелеуді белгілеу туралы шешім қабылдаудың саяси аспектілері туралы айтып берді. Панельдік пікірталас барысында мемлекеттіліктің бастауы, тәуелсіздікке жетудің тарихи жолы, ел дамуының проблемалары мен перспективалары туралы қызу әңгіме өтті. Курс тренері, э.ғ.к, доцент Ерлан Абельдинов Қазақстанның заманауи рөлі жөніндегі өзінің көзқарастарымен бөлісті.