Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында “Бизнес-үдерістерді оңтайландыру” тақырыбы бойынша “В”, “С” және “Д” корпусының лауазымдары деңгейіндегі мемлекеттік қызметшілер үшін біліктілікті арттыру семинары аяқталды.
Филиал доценті Татьяна Зуева семинар тыңдаушыларына бизнес-үдерістерді басқару теориясы мен оның негізгі ұғымдары, BPMN нотациясы, бизнес-үдерістерді формализациялау негіздері және оларды оңтайландыру тақырыптары бойынша ақпарат берді.
Өткен тақырыптарды практикалық шешу және талдау әдісі теориялық білімді бекітуге ықпал етті.
Алынған білімнің практикада қолданылуы топтық жұмыс барысында, мемлекеттік органдардың нақты бизнес-процестерін ресімдеу және оларды оңтайландыру бойынша идеяларды қорғау кезінде жүзеге асты.
“Кері байланыс” барысында тыңдаушылар процестік басқару саласындағы білім мемлекеттік қызметшілерге бюрократияны болдырмау, мемлекеттік органның ресурстарын оңтайлы пайдалану, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс жағдайларын оңтайландыру, сондай – ақ Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің қызмет тиімділігі, сапасы параметрлері бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігі және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы үшін оның құндылығын арттыруға пайдалы екенін атап өтті.
Тыңдаушылар семинар барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдануын жоғары бағалап, жемісті және пайдалы семинар үшін ұйымдастырушылар мен лекторға алғыстарын білдірді.