News

«Эксперттік пікір»

“Эксперттік пікір” айдарының кезекті шығарылымында білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Майра Бакенова білім алу және білім деңгейін арттыру маңыздылығын айтып береді.

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Мемлекеттік қызметші – бұл ел мен оның халқының игілігі үшін еңбек ететін адам. Бүгін таңда ол менеджер, ділмар, медиатор, саясаткер және блогер. Солай ма? Шын мәнінде, ұйымдастыра білу, сендіру, даулармен күресу және халыққа жақын болу – бұның барлығы мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламаларына енгізілген барлық құзыреттіліктер.

Неге үйрету?

Мемлекеттік саясат саласында, мемлекеттік секторда жұмыс істеу үшін сіздің әлеуетіңіз жоғары, белгілі бір ақыл-ой және зор оптимизм болу керек. Мемлекеттік қызметшіге көбінесе деректерді талдау дағдылары жетіспей жатады. Барлығы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге асығуда, алайда ешкім не және қалай жасалғанын, түпкілікті нәтиже қандай екенін талдамайды. Мемлекеттік қызметші уақыт талаптарына сәйкес дамуы үшін өзінің біліктілігін үнемі арттыруды талап етеді. Мемлекеттік органның тиімді қызметі және өз қызметін дамыту үшін мемлекеттік қызметші әрбір үш жыл сайын өзінің біліктілігін арттыруы қажет. Ең бастысы, егер жаңа біліммен қаруланған мемлекеттік органның қызметкері жаңа идеялар тудыра алса немесе міндеттерді шешудің жаңа жолдарын іздей алса, ол өзіне және қоғамға пайда әкелуі мүмкін.

Қалай оқыту керек?

Оқу бағдарламаларын сауатты таңдау үшін екі параметр жайлы нақты түсінік болуы керек: оқу мақсаты және білім алушының бастапқы деңгейі. Бұл нақты маманға не үшін білім беретінімізді нақты түсіну маңызды: оның жұмысы оқудан кейін қалай өзгереді? Біз қандай біліктілік деңгейін күтеміз? Қызметкер жаңа функционалдық міндеттерді орындау немесе бұрынғы жұмысты жаңа тәсілмен орындау үшін қандай дағдыларды игеруі керек? Басқаша айтқанда, оқу нәтижелерінің сұранысына сүйене отырып, болашақтағы нүктені белгілей отырып, мақсат қою керек.

Мемлекеттік қызметші бірдеңені өзгерте ала ма?

Бүгін адамдардың көбісі «жоқ» деп айта алады. Бұл бір нәрсені өзгерткісі келмеуі емес, қарапайым адамның елдегі жағдайға қандай да бір түрде әсер ету мүмкіндігіне сенбеуі мүмкін. Бірақ өзгерте аласыз және өзгерту қажет, кем дегенде өзіңізден бастау қажет. Бұл салаға алғаш рет келген мемлекеттік қызметші бәрін бірден өзгерте алатынына сену өте маңызды. Бірақ екінші жағынан, егер сіз тырыспасаңыз, онда ештеңе өзгермейді.