News

“Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру” семинары

Ағымдағы жылдың 16 наурызында “Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру” біліктілікті арттыру семинары аяқталды.

Семинар барысында:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін НҚА-ны талдау. Қызмет алушылардың құқықтары. Көрсетілетін қызметті берушінің құқықтары мен міндеттері.
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдарды қарау ерекшеліктері.
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын басқару және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау.
  • “Адаморталық” принципіне негізделген жаңа тәсілдерді қалыптастыру, клиентке бағдарланған ортаны құру және коммуникациялық менеджмент.
  • Ресми мәтінді және жазылым дәйектері тақырыптары қаралды.

Оқу материалының 70% – ға жуығы оқытудың интерактивті түрлерін, яғни  кейстерді, тренингтік жаттығуларды, проблемалық тапсырмаларды қолдану арқылы қаралды.

“Идеялар фабрикасында” мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленіп, алынған жаңа білімді практикалық жазықтыққа аударуға көмектесті.

Семинар барысында сонымен қатар тікелей эфирде Мемлекет басшысының Жолдауы тындалды.

Семинар барысында негізінен Қазақстанның барлық азаматтарының құқықтарының теңдігі, мемлекеттік басқару жүйесінің клиентке бағдарлануы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелеріне баса назар аударылды.