News

«Құзыреттілікті дамыту: көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлау және оны ақпараттандыру» семинары

А.ж. 16 маусымында филиалымызда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үшін «Құзыреттілікті дамыту: көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлау және оны ақпараттандыру» тақырыбында біркүндік онлайн семинары болып өтті. Семинар филиалдың аға оқытушысы Ерлан Абельдиновтің басшылығымен өтті.

Семинар барысында тыңдаушылар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын басқару, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің нәтижелілігі мен клиентке бағдарлануы туралы материалдармен және ақпаратты басқарумен танысты. Мемлекеттік қызмет көрсетудегі құндылықтар мен парасаттылық туралы мәселенің маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар, кейстерді шешуге, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің түрлі аспектілері бойынша пікірталастарға қатысты.

Семинар соңында тыңдаушылар модераторға қызықты материал бергені үшін зор алғыстарын білдірді.