Академия
жаңалықтары

20
Наурыз
«Тайм менеджмент және стресс менеджмент» біліктілікті арттыру семинары

Ағымдағы жылдың 18-20 наурыз аралығында филиалда мемлекеттік қызметшілерге арналған «Тайм менеджмент және стресс менеджмент» біліктілікті арттыру семинары өтті. Сабақтарды өзім және шақырылған дәріскерлер Зәмзәгүл Шахман мен Айжан Манатова өткізді. 

Оқу барысында «Уақытты басқарудың негізгі принциптері және оларды мемлекеттік мекемелердің жұмысында қолдану», «Стресстік жағдайларда уақытты басқару», «Стрессті басқару және эмоционалды интеллектті дамыту» және т. б. мәселелер қарастырылды. Семинар тренинг әдістерін қолдана отырып интерактивті форматында өтті, тыңдаушылар жоғары белсенділік танытты. Сондай-ақ Наурыз мерекесімен құттықтаулар болды.

Семинар соңында тыңдаушылар филиал қызметкерлеріне оқу процесін жақсы ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.

Барлығы
20
Наурыз
«Кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» біліктілікті арттыру үш күндік семинары

Бүгін   филиалымызда «Кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» біліктілікті арттыру үш күндік семинары өз мәресіне жетті. Семинарға жергілікті атқарушы органдар, облыс басқармаларының 66 мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында аға оқытушы Дариха Акмухамбетовамен, Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының аға оқытушысы Айжан Манатовамен бірлесе дәріс өткіздік.

Тыңдаушылар оқудың қорытындысы бойынша семинардың ұйымдастыруына, дәріскерлерге, талқыланған кейстердің өзектілігіне оң пікірлерін қалдырды.

Барлығы
20
Наурыз
«Кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» семинары

Кеше «Кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» семинары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Карина Кистаубаева тыңдаушыларымыз үшін практикум өткізді. 

Карина Мирамқызы тыңдаушылармен өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында іске асырылып жатқан бағдарламалар туралы ақпаратпен бөлісті, Қостанай облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үшін қабылданып жатқан шаралар туралы және 2023 жылғы №4 үлгілік базалық бағыт бойынша жобаны іске асыру қорытындылары туралы айтты.

Сондай-ақ, тыңдаушылар басқарма жұмысымен танысып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

Барлығы
20
Наурыз
Наурыз мейрамы қарсаңында салтанатты іс-шара

19 наурызда филиалда Наурыз мейрамы қарсаңында салтанатты іс-шара өтті.
Мереке аясында дәстүрлі “Шашу” рәсімі өткізіліп, викториналар мен жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шара мерекелік көңіл-күйде өтті.
Барша қазақстандықтарға Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Барлығы
18
Наурыз
«Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық» семинары

А.ж. 11-15 наурыз аралығында «Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық» семинары өтті. Спикерлер жобалық менеджмент бойынша сертификатталған жаттықтырушы-консультанттар Айнұр Нақышбаева – мемлекеттік басқару академиясы филиалының кабинет меңгерушісі және Дариха Ақмұхамбетова – мемлекеттік басқару академиясы филиалының аға оқытушысы бес күн сабақ берді. 

Оқу барысында тыңдаушылар келесі тақырыптарды зерттеді:

– Жобаларды басқару стандарттары және «ҚР СТ ISO 21502-2022 жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ҚР Ұлттық стандарты;

– Жобалық менеджментті мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу;

– Тұжырымдама және жобаларды басқарудың интеграцияланған әдістері;

– Жобаларды басқаруды ресімдеудің практикасы мен алғышарттары.

Қатысушылар практикалық жағдайларды талдады. Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушылар оқытушылар мен семинарға жоғары баға берді.

Барлығы
15
Наурыз
Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қайсар Мыржақыповтың қонақ дәрісі

Ағымдағы жылдың 13 наурызында филиалымызға біліктілікті арттыру семинарының қонақ дәріскері ретінде Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қайсар Мыржақыпов келді.

Аудан басшысы өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, өңірдің тұрақты дамуында экономикалық өсу, әлеуметтік бағдарламалар және экологиялық тепе-теңдікті сақтап қалу жайында сөз қозғады. Атап айтқанда басқарып отырған өңірдің бес жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму динамикасымен таныстырды. Сонымен қатар алдағы жылдарға
арналған су құбыры мен тарату желілерін салу, реконструкциялау, ауыл елді мекендерді газификациялау, медициналық қызметкерлерді жұмысқа тарту мақсатымен Новоильиновка ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктін салу, аудан орталығында 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталғанын, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүзеге асқан жобаларды атап өтті.


Қайсар Батырханұлына дәріс үшін алғысымызды білдіреміз!

Барлығы
07
Наурыз
«Әйелдер көшбасшылығы» семинары

Ағымдағы жылдың 4-6 наурыз аралығында «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында филиалымызда «Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында үш күндік семинар өтті. 

Семинар аясында мемлекеттік қызметте жүрген тыңдаушылар келесі сұрақтарды, атап айтқанда:

-Мансаптың тік моделін құру процесінде әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру және көрсету ерекшеліктері;

-Ситуациялық көшбасшылық;

-Әйелдер көшбасшылығының түсінігі мен мазмұны;

-Мемлекеттік қызметтегі көшбасшылық құзыреттерді дамыту және әйел басшылардың мансаптық өсу құралдары мен технологиялары;

-Мансап және отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтауға болады деген тақырыптарға тоқталып, талқылады.

Семинар бағдарламасының мазмұны жан-жақты ашылып, тыңдаушылар тақырыптың өзектілігін және ақпаратты ұсынудың қолжетімділігін атап өтті.

Барлығы
07
Наурыз
«Кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» семинары

Ағымдағы жылдың 4-6 наурыз аралығында филиалда мемлекеттік қызметшілерге арналған «Кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» біліктілікті арттыру семинары өтті. 

Семинар аясында мемлекеттік қызметшінің әдебі, этика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлықтың ішкі тәуекелдерін анықтау, оң имидж қалыптастырудың маңыздылығы, парасаттылық мәселелері және басқа да тақырыптар талқыланды. Семинар диалог форматында өтті, қатысушылар жоғары белсенділік танытты.

Семинар соңында тыңдаушылар тақырыптың жан жақты ашылғандығын атап, оқытуды ұйымдастырғанымыз үшін филиал ұжымына оң баға берді.

Барлығы
06
Наурыз
Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукеновтың қонақ дәрісі

Ағымдағы жылдың 4 наурызында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» семинарында Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов “Филиалдағы әкім күні” жобасы аясында қонақ дәріс өткізді. 

Әңгіме барысында Жансұлтан Қоңыртайұлы өзінің еңбек қызметі және өңірдің дамуы туралы баяндады. Тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтар, атап айтқанда, Аманқарағай ормандарындағы өрттен кейінгі жағдай туралы, өрттен зардап шеккендерге берілген тұрғын үй жай-күйінің сапасы туралы және болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін әкімдік тарапынан қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, өңірдегі су тасқынының алдын алу шаралары қалай жүргізіліп жатқандығы айтылды.

Жалпы, кездесу барысында өңірлер үшін өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қызу талқыланып, тәжірибе алмасу тұрғысынан тыңдаушылар үшін пайдалы ақпараттар берілді.

Барлығы
05
Наурыз
Қайта даярлау курстары тыңдаушыларының жобаларын қорғауы

2024 жылдың 01 наурызында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау үш апталық курсының алғашқы тобы оқуын аяқтады. Курс аясында тыңдаушылар келесі модульдермен танысты:
-тұлғалық дағдыларды дамыту «Мен» тұжырымдамасы немесе «Өзіңнен баста» (тұлғалық тиімділікті арттыру үшін жеке білімді, қабілеттерді және
дағдыларды дамыту (soft skills));
-кәсіби дағдыларды дамыту «Мен және менің кәсіби тиімділігім»
(кәсіби қызметтің тиімділігін арттыру үшін дағдыларды, қабілеттерді және
білімді дамыту (hard skills));
-ұйымдастырушылық әлеуетті арттыру «Мен және команда» команданы тиімді басқару және ұйымдастырушылық әлеуетті арттыру үшін дағдыларды,
қабілеттерді және білімді дамыту.

Биылғы жылдан бастап нәтижелі бақылау нысандары өзгертіліп, тыңдаушылар өзгерістерді басқару тақырыбы аясында жобаны презентациялап, аналитикалық жазба тапсырды.

Жобаны қорғау комиссиясы тыңдаушылар дайындаған жобалардың өзектілігі мен практикада қолдануын жоғары бағалады.

 

Барлығы
04
Наурыз
Тыңдаушыларымызға арналған мәдени іс-шара

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер курсының тыңдаушыларын мәдени-қоғамдық өмірге тарту, патриоттық тәрбие мен рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.  

Қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің мұражайында тыңдаушылыр көрнекті тұлғаның өмірі мен педагогикалық қызметі туралы білімдерін кеңейтті. 

Экскурсия тыңдауышылардың көңілінен шықты. Олар мұражай әкімшілігіне танымдық экскурсиясы үшін алғыстарын білдірді.

Барлығы
01
Наурыз
Қайта даярлау курсының 02-03 топ тыңдаушылармен мотивациялық кездесу

А.ж. 29 ақпанында мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары тыңдаушылары үшін мотивациялық кездесу өткіздім. 

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметте өсу және даму мүмкіндіктері туралы ақпарат бердім.

Көпшілікті ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу мүмкіндігі ерекше қызықтырды. Тыңдаушылар іріктеу кезеңдері мен қабылдау шарттары және оқу аяқталғаннан кейін ашылатын мүмкіндіктері туралы көптеген сұрақтар қойды.

Кездесу соңында тыңдаушылар өз инсайттарымен бөлісіп, академияға оқуға түсуге қызығушылықтары оянғандығын айтып, бұдан былай оқуға түсу үшін дайындықты бастап кететіндіктері туралы айтып қуантты.

Барлығы
01
Наурыз
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиевтың қонақ дәрісі

Ағымдағы жылдың 29 ақпанында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін өткізілген курстың тыңдаушыларына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали «Кішкентай қадаммен, үлкен жетістіктерге»  тақырыбында қонақ дәріс өткізді.  

Ринат Зәкиұлы өз дәрісінде Қостанай облысында жүзеге асырылып жатқан “Оқы және Жең” онлайн-конкурсы мен ұлттық домбыра күніне арналған Қостанай облысы домбырашыларының күй шеруінің айлығын ұйымдастыру кезеңдері, жүзеге асырылуы  жайлы сөз қозғады.  

Сонымен қатар, әлеуметтік салада жүзеге асырылған бірнеше жоба бойынша ақпарат беріп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Әртүрлі мемлекеттік мекемелерден келген курс тыңдаушыларына ұйымдастырылған дәріс пайдалы болғанына сенімдіміз.  

Құрметті Ринат Зәкиұлы, Сізге өңірлік мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруға қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз.  

Барлығы
01
Наурыз
1 Наурыз Алғыс айту күніне арналған іс-шара

Алғыс айту күні аясында Академия филиалында тақырыптық development day ұйымдастырылды.

Алғыс айту күні – еліміздегі татулық пен келісім, қазақстандықтардың адал еңбегі мен үндестігінің айқындамасы. Көктемнің алғашқы күні аталатын мереке ата-аналарымызға, достарымызға, әріптестерімізге, елімізге, жерімізге алғыс айтуымызға тамаша мүмкіндік.

Іс-шара аясында Академия тыңдаушыларына Алғыс айту күнінің тарихы туралы ақпарат беріліп, осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдірудің маңызы айқындалды. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтарды дәріптеудің ұлтты ұйыстырудағы рөлі талқыланды.

Development day – бірімізге біріміз алғыс айтып, ризашылығымызды білдірумен жалғасты.

Барлығы
27
Ақпан
өңірлік кадр резервіне іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстары

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады.

Осыған орай, филиал тындаушыларына жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту туралы, сонымен қатар, іріктеу кезеңдерімен таныстыру жұмыстары жүргізілуде.

Барлығы