Академия
жаңалықтары

01
Март
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиевтың қонақ дәрісі

Ағымдағы жылдың 29 ақпанында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін өткізілген курстың тыңдаушыларына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали «Кішкентай қадаммен, үлкен жетістіктерге»  тақырыбында қонақ дәріс өткізді.  

Ринат Зәкиұлы өз дәрісінде Қостанай облысында жүзеге асырылып жатқан “Оқы және Жең” онлайн-конкурсы мен ұлттық домбыра күніне арналған Қостанай облысы домбырашыларының күй шеруінің айлығын ұйымдастыру кезеңдері, жүзеге асырылуы  жайлы сөз қозғады.  

Сонымен қатар, әлеуметтік салада жүзеге асырылған бірнеше жоба бойынша ақпарат беріп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Әртүрлі мемлекеттік мекемелерден келген курс тыңдаушыларына ұйымдастырылған дәріс пайдалы болғанына сенімдіміз.  

Құрметті Ринат Зәкиұлы, Сізге өңірлік мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруға қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз.  

Барлығы
01
Март
1 Наурыз Алғыс айту күніне арналған іс-шара

Алғыс айту күні аясында Академия филиалында тақырыптық development day ұйымдастырылды.

Алғыс айту күні — еліміздегі татулық пен келісім, қазақстандықтардың адал еңбегі мен үндестігінің айқындамасы. Көктемнің алғашқы күні аталатын мереке ата-аналарымызға, достарымызға, әріптестерімізге, елімізге, жерімізге алғыс айтуымызға тамаша мүмкіндік.

Іс-шара аясында Академия тыңдаушыларына Алғыс айту күнінің тарихы туралы ақпарат беріліп, осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдірудің маңызы айқындалды. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтарды дәріптеудің ұлтты ұйыстырудағы рөлі талқыланды.

Development day — бірімізге біріміз алғыс айтып, ризашылығымызды білдірумен жалғасты.

Барлығы
27
Февраль
өңірлік кадр резервіне іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстары

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады.

Осыған орай, филиал тындаушыларына жобаның негізгі мақсаты — жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту туралы, сонымен қатар, іріктеу кезеңдерімен таныстыру жұмыстары жүргізілуде.

Барлығы
19
Февраль
Өңірлік кадр резервіне іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстары.

Қайта даярлау курстарының тыңдаушылары үшін өткен жұмада, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, Республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада басталатын, Өңірлік резервке іріктеу қағидаларын түсіндірумен кездесу өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы Гүлбану Қабылова Мемлекеттік қызметке алғаш рет келгендерді іріктеу ережелерімен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.

Жобаның негізгі мақсаты-жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.

Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.

Іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар — Қазақстан Республикасының 35 жастан аспаған азаматы болу, жоғары білімі және кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы.

Барлығы
16
Февраль
Қайта даярлау курстарының тыңдаушыларына арналған көшпелі дәріс

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер курсының тыңдаушыларына Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев көшпелі практикалық сабақ ұйымдастырды.

Қатысушылар IKOMEK жедел әрекет ету орталығының қызметімен танысып, IQOSTANAY оқушылар сарайына экскурсияға қатысты.

Тыңдаушылар берілген ақпараттың қызықты әрі пайдалы болғанын атап өтіп, танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.

Барлығы
12
Февраль
Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановтың қонақ дәрісі

А.ж. 9 ақпанда Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановтың қатысуымен мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілерге арналған қонақ дәрісі өтті. 

Әкім тындаушылармен Арқалық қаласының дамуындағы өткен жылдың жетістіктерімен және ағымдағы жылға жоспарларымен бөлісті.

Әмірхан Біркенұлы Арқалақ қаласының жергілікті халқының көкейінде жүрген мәселелер мен оларды шешу жолында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып өтті. Сонымен қатар жыл сайын тек Арқалық қаласында ғана өтетін “Жақсылық күні” атты ерекше мерекелік іс-шара туралы ақпаратпен бөлісті. Аталмыш іс-шара барысында жаппай күй орындалып, Арқалық қаласының тұрғындары Гиннестің рекордтар кітабына енуге ниетті екенін мақтанышпен айтты.

Әкім курстың барлық тыңдаушыларын 2024 жылдың 8 маусымында Арқалық қаласында өтетін осы бірегей іс-шараға қатысуға шақырды.
Тыңдаушылар дәріс үшін алғыстарын білдіріп, әкімге өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып жауап алуға барын салды.

Барлығы
12
Февраль
Қостанай облысы әкімінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары Алма Жүсіпованың қонақ дәрісі

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аясында ағымдағы жылдың 9 ақпанында Қостанай облысы әкімінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары Алма Жүсіпованың қатысуымен қонақ дәріс өтті. 

Курс тыңдаушыларымен сұхбатында Алма Әутенқызы өзінің мемлекеттік қызметші, басшы ретіндегі дамуы туралы, сонымен қатар қаржылық бюджет жүйесінің жұмысы туралы айтып берді.

Осындай кездесулер жас мамандарға пайдалы болатындығына кәміл сенеміз.

Барлығы
05
Февраль
«Ең  алдымен -  адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» біліктілікті арттыру семинарының тыңдаушыларына арналған қонақ дәрісі

Ағымдағы жылдың 02 ақпанында «Ең  алдымен -  адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» семинарының аясында ұйымдастырылған 2024 жылғы алғашқы қонақ дәрісті Алтынсарин ауданының әкімі, ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Сартов Арнұр өткізді.  

Арнұр Маратұлы өз әңгімесінде билік жайында сөз қозғады, шет елдердің басқару стильдерін атап, тарихтан мысалдар  келтіріп,  мемлекеттік қызметтегі  өз тәжірибесімен бөлісті. 

 Кездесу барысында семинар тыңдаушылары сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

Барлығы
11
Декабрь
«Тыңдаушының ең үздік жобалық жұмысы-2023» байқауының жеңімпаздары

«Top projects» жобасы аясында 2023 жылдың 27 қарашасы мен 11 желтоқсаны 
аралығында онлайн форматта «Тыңдаушының ең үздік жобалық жұмысы-2023» байқауы 
өткізілді. 
⠀⠀ 
Жобаның басты мақсаты — филиал тыңдаушыларының үздік жобаларын одан әрі 
ілгерілету және іске асыру үшін мүмкіндігінше мүдделі адамдар мен стейкхолдерлердің 
көбірек білуін қамтамасыз ету, өйткені тыңдаушылардың жобалары өңір және жалпы 
мемлекеттік басқару секторы үшін жоғары өзектілікке ие. 
 
Байқауға жыл бойы комиссия мүшелерімен А/А+, яғни «өте жақсы» деп бағаналған 8 
жоба қатысты. 
 
Жобалардың бейнепрезентациялары instagram-дағы парақшада орналастырылып, дауыс беру арқылы өтті. 
Дауыстарды санау кезінде instagram парақшасында жасалған барлық әрекеттер әр жоба 
бойынша жеке-жеке жинақталды. 

Өкінішке орай биылғы жылы дауыс беру кезінде үш жоба адал емес әдістерді қолдану арқылы дауыс жинақтағандары үшін, оларды дисквалификациялауға мәжбүр болдық.  
 

Сонымен жеңімпаздарымыз: 

 
3️⃣ орынды – 165 дауыс және/немесе пікір жинаған «Ақпараттық технологиялардың ерекше әлемі» жобасы жеңіп алды. 
Жоба авторлары: 
Самаева Лаура   

Канапина Асем    

Абилтаева Салтанат    

Бибусунова Айым  

 

 
2️⃣орында – 205 дауыс және/немесе пікір жинаған «Тылсым Торғай» 
жобасы 
Жоба авторлары: 
Кадырменова Асемгуль  

Жортулова Баян  

Айтбай Нариман 

Абилов Ерлан   

Тоқтарбаев Талғат  

 

 
1️⃣орында – 279 дауыс және/немесе пікір жинаған ««DamuMed» қосымшасына электрондық  «E-recept» функциясын енгізу» жобасы 
Жоба авторлары: 
 

Калиева Айгерим 

Нұрсұлтан Әрсен  

Қуандық Әсел  

Таскумбаев Мурат   

 
Сондай-ақ, биылғы жылы байқаудың бас жүлдесін, яғни Гран-при дәрежесін 603 
дауыс және/немесе пікір жинаған «Таза болашаққа қадам» жобасы жеңіп алды.? 
 
Жоба авторлары: 
Сағит Бекзат  

Давлетова Айгуль    

Калмакова Алия   

Мурзахметов Нурадин    

Бисахалова Назым    

Чакиева Анара    

 
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жобалық идеяларды табысты 
іске асыруда сәттілік тілейміз! 
 
Байқау жеңімпаздарына грамоталар табысталатын болады, ал олардың жобалық 
жұмыстары «Top projects» жинағына енгізіліп, жинақ облыстық жобалық офиске іске асыру 
ұсынысымен табысталатын болады. 

Барлығы
11
Декабрь
«Жас мемлекеттік қызметші мектебінің» ресми ашылуы

А.ж. 11 желтоқсанында Филиалымызда «Жас мемлекеттік қызметші мектебінің» ресми ашылуы өтті. Салтанатты ашу шарасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіңің Қостанай облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Алия Оспанованың қатысуымен өтті.

Ресми ашылу бағдарламасы аясында жас мемлекеттік қызметші мектебінің қатысушыларына филиалымызда орналасқан мемлекеттік қызмет мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетсек, жас мемлекеттік қызметші мектебінің оқу бағдарламасы 40 академиялық сағатты құрайды. Бүгін оқу мемлекеттік қызметшінің әдебі тақырыптағы дәрістен бастау алды. Жас мемлекеттік қызметші мектебінің қатысушылары өндірістік практикаға 2024 жылдың қаңтар айынан жіберілетін болғандықтан, оқу онлайн форматта жалғасын табуы мүмкін.

 

Барлығы
02
Декабрь
Қостанай облысы бойынша филиалы жанындағы Эксперттік кеңестің отырысы

Өткен жұмада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы жанындағы Эксперттік кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша филиал қызметінің қорытындысы және өңірлік компонентке баса назар аудара отырып, мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарларының 2024 жылға арналған күнтізбесін қалыптастыру туралы мәселелер қаралды. 

Осы жылы Кеңес құрамы кеңейтіліп, жаңа тұлғалар қосылды, атап айтқанда: 

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Салықбаев; 

Қостанай облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Мэлс Әбдірахманов; 

Қостанай облыстық мәслихатының облыстың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Серік Манасбаев; 

«Қостанай таңы» ЖШС жаңалықтар бөлімінің басшысы Оксана Лукаш. 

Сонымен қатар Кеңес жұмысына мемлекеттік қызмет ардагері Римма Ғайсенова, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі. @apa.kz түлектерінің облыстық Ассоциациясының мүшесі Арман Испудинов, Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Наталья Рамазанова және Қостанай облысы бойынша эмпирикалық әлеуметтану зерттеулер орталығының басшысы Анжелика Ткаченко қатысты. 

Кеңес мүшелері алдағы оқу жылына арналған курстардың тақырыптары мен семинар бағдарламаларының мазмұнын ашуда ескерілетін маңызды және практикалық ұсыныстар берді. 

Өзекті тақырыптар көтеріліп, отырыс қорытындысы бойынша Эксперттік кеңес мүшелері семинарлар үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу, шақырылатын  дәріскерлерді іріктеу кезеңдеріне белсенді қатысып, оқыту мазмұнын жақсарту мақсатында сабақтарға қатысып, өңірлік компонентке кіретін семинарлардың мазмұнын бірлесе қарастыру туралы шешім қабылданды. 

Барлығы
01
Декабрь
«Мемлекеттік қызметтегі тиімді коммуникациялар» семинары

А.ж. 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Мемлекеттік қызметтегі тиімді коммуникациялар» семинары өтті. Тыңдаушылардың құзыретін арттыруға білімі мен тәжірибесі зор дәріскерлер шақырылды. 

Дәріскерлер тізімінде мемлекеттік қызметтегі коммуникациялар саласындағы жетекші сарапшылар да болды. Олар іс-шараға қатысушыларға қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу дағдыларын жетілдіруге көмектесу арқылы құнды тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында қатысушылар тиімді қарым-қатынас, коммуникацияларды басқару әдістерін меңгерді. Сонымен қатар тиімді коммуникацияларды құру алгоритмі, дағдарыстық коммуникациялар, коммуникация психологиясы сияқты тақырыптар зерттелді. Ақпараттың әртүрлі түрлерімен жұмыс істеудің маңызды аспектілері, коммуникативтік кедергілерді еңсеру жолдары қамтылды.

Сабақтар интерактивті пікірталас форматында өтті, бұл қатысушыларға теориялық білім алуға ғана емес, оларды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік берді. Талқылау барысында тыңдаушылар белсенді сұрақтар қойып, өз ойлары және идеяларымен бөлісті.

Қатысушылар семинардан жаңа біліммен, сенімділікпен және алған дағдыларды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды. Сондай-ақ семинар туралы көптеген оң пікірлер қалдырды.

Барлығы
29
Ноябрь
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің Қостанай облыстық қауымдастығының кезекті отырысы

Кеше біздің филиалда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің Қостанай облыстық қауымдастығының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Салықбаев қатысты.
Жиын барысында Академияның биылғы оқу жылын аяқтаған магистранттары қауымдастық қатарына ресми түрде қабылданып, 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Сонымен қатар Академия түлектері мемлекеттік қызметте мансаптық өсу, аумақтық кадрлық резерв қалыптастыру, мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібінің өзгеруі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына қатысты пікір алмасты.

Барлығы
22
Ноябрь
«Тренер-консультант» санатын сертификаттаудан сәтті өткендерімен құттықтаймыз

Филиалымыздың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Айнұр Нақышбаева мен аға оқытушы Дариха Ақмухамбетованы жобаларды басқару қызметі саласындағы жұмыстарды жүргізуге қажетті «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ҚР СТ ІSO 21502-2022 стандарт талаптарына сәйкес «Тренер-консультант» санатын тағайындаумен ІV схема бойынша персоналды сертификаттаудан сәтті өткендерімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Мемлекеттік қызметшілердің жобалық басқару саласындағы құзыреттіліктерін дамыту ісіне одан әрі зор үлес қосады деген сенімдеміз.

Құрметті Айнұр Саметқызы, Дариха Асылбекқызы, сіздерге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете берулеріңізді тілейміз.

Барлығы
19
Ноябрь
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар» семинары аясында қонақ дәріс

Кеше филиалда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар» семинары аясында қонақ дәріскер ретінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали шақырылды. 

Ринат Зәкиұлы өз дәрісінде жемқорлықпен күресудің шетел тәжірибесімен бөлісті. Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істерді тергеу бойынша статистиканы келтіре отырып, әлеуметтік зерттеу нәтижесімен таныстырды.

Қостанай облысы азаматтарының 30,8% мемлекеттік қызметте жемқорлық деңгейі жоғары деп санайтындығы туралы мәлімдеді. Осыған орай, Ринат Зәкиұлы сыбайлас жемқорлықпен, теріс имиджбен күресудің тәсілдерін ұсынды. Оның ішінде транспаренттілік — мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қажеттілігі мен маңыздылығын түсінікті жеткізу платформаларын жасау, азаматтармен тікелей кездесуге ыңғайлы мүмкіндік туғызу, диалогқа ұмтылу керектігін атап өтті.

Тындаушылар практикалық тұрғыда пайдалы және қажетті ақпаратпен қамтылған дәріс үшін спикерге ризашылықтарын білдірді.

Барлығы