Академия
жаңалықтары

28
Қыркүйек
“Әділетті Қазақстан – Адал азамат” Қостанай облысының Әдеп жөніндегі уәкілдері форумы

Кеше Қостанай облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің ұйымдастыруымен Лисаковск қаласында өткен “Әділетті Қазақстан – Адал азамат” Қостанай облысының Әдеп жөніндегі уәкілдері форумына қатысып, модератор ретінде филиал директоры Ақерке Бекахметова сөз сөйледі.

Форумға Қостанай облысының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінен басқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мейірман Ғубайдоллаев, Лисаков қаласының әкімі Абай Ыбыраев, Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдықова, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.
Форумның пленарлық бөлімінде сөз сөйлеген спикерлер мінсіз бедел, кәсібилік және патриотизм жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілердің негізгі ұстанымы екенін атап өтті.

Панельдік сессияларда мемлекеттік қызметке кір келтіретін этикалық бұзушылықтар мен теріс қылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілер арасында құндылықтарды қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Форумға қатысушылар оған енгізілген өзгерістерді ескере отырып, әдеп кодексіне түсініктемелер қалыптастыруға ерекше назар аударды.

Форум қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдер жұмысының тиімділігін арттыруға, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында адалдықты, әділдікті, ашықтықты және клиентке бағдарлануды қалыптастыру мәселелері бойынша ұсынымдар енгізілді.

Барлығы
25
Қыркүйек
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың курстары тыңдаушаларының жобалары қорғауы

Академияның Қостанай облысы бойынша филиалында өткен жұма күні «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың үш апталық курсы аяқталды.  

Оқу барысында тыңдаушылар стратегиялық менеджмент, өңірлік даму, цифрландыру бағыттарында білім алып, тиімді коммуникациялар, эмоционалды интеллект, креативті ойлау, жобаларды басқару бойынша кәсіби құзыреттіліктерін, жеке қабілеттері мен дағдыларын жетілдірді. Тыңдаушылар оқу барысында жинаған ілім-білімдері мен дағдыларын жобалық жұмысты жазу және қорғау үшін пайдаланды. 

Тыңдаушылар өңірлік қажеттіліктерге бағдарланған жобаларды қорғауға ұсынды, облыс аудандарының өзекті тақырыптарын қозғады.

Барлығы
08
Қыркүйек
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу мәселелері бойынша кездесу

Кеше Президенттік жастар кадрлық резервіне (ПЖКР) іріктеу мәселелері бойынша кездесу өтті.

Іс-шараға мемлекеттік, квазимемлекеттік және өзге де мекемелерде қызмет ететін, ПЖКР-не іріктеуге қатысуға ынтасы бар жастар, облыста қызмет етіп жүрген ПЖКР резервшілері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында жобаның мақсат-міндеттері, маңыздылығы, іріктеу рәсімдері және үміткерлерге қойылатын талаптар бойынша толыққанды ақпарат берілді.

Барлығы
10
Тамыз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «менеджмент және комплаенс» біліктілікті арттыру семинары аясында қонақ кездесу

Бүгін филиалда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» біліктілікті арттыру семинары аясында «KamLitKz» ЖШС комплаенс офицері Анара Идельбаевамен кездесу ұйымдастырылды. 

Анара Серікқызы комплаенс қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктері туралы айтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәжірибесімен бөлісті. Бұл саладағы білімі мен мол тәжірибесі тыңдаушыларды ерекше қызықтырды. Кездесу пікірталас форматында өтіп, семинарға қатысушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарға жауап алды.

Анара Идельбаеваның қаржы полициясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және бизнесте тәжірибесі бар.

Барлығы
09
Тамыз
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» семинары қонақ дәріс

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» семинары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының орынбасары Асылхан Шубаев қонақ дәріскер ретінде шақырылды. 

Асылхан Қайратұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жоспарлау мен жүзеге асыруда жобалық тәсілді енгізу туралы айтты. 2023 жылға арналған №4 типтік базалық бағыттар (ТББ-4) жобаларының картасына толығырақ тоқталып, оның орындалуы және нәтижелерімен бөлісті.

Мемлекеттік органдарда, сонымен қатар квазимемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мақсаттарын атап өтті:

– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау сапасын арттыру;

– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

– Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою;

– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сезімтал лауазымдарды анықтау.

Семинар тыңдаушылары ТББ-4 жұмыс жасауда туындайтын көкей кесті сұрақтарына жауап алды.

Барлығы
07
Тамыз
«Ақпараттық және киберқауіпсіздік» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары

Ағымдағы жылдың 2-4 тамызы аралығында филиалда «Ақпараттық және киберқауіпсіздік» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті. 

Ақпараттық және киберқауіпсіздік саласының мамандары, шақырылған тренерлер Азамат Қашиев, Жандос Мүбарак, Асқар Бекмурзин келесі тақырыптар төңірегінде тыңдаушылармен жұмыс жасады:

– IТ және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама

– «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық трансформация мәселелері

– Интернет – ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін қайнар көзі;

– Деректерді басқару процесіндегі ақпараттық қауіпсіздік;

– Киберқауіпсіздік және data driven government;

– Ақпараттық қауіпсіздік жобасын басқару;

– Ақпараттық қауіпсіздік және жасанды интеллект;

– Ақпараттық қауіпсіздік шаралары.

Семинарға қатысушылар көптеген пайдалы және практикалық ақпараттар алды, әріптестерімен тәжірибе алмасты, жағдайларды талдап, практикалық қызметтің ситуациялық мәселелерін шешті.

Тренинг қорытындысы бойынша тыңдаушыларға мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Барлығы
03
Тамыз
«Ақпараттық және киберқауіпсіздік» тақырыбындағы семинар аясындағы қонақ дәріс

Ағымдағы жылдың 3 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Ақпараттық және киберқауіпсіздік» тақырыбындағы семинар аясында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысы Азамат Кашиев қоңақ дәріскер ретінде қатысты. 

Тындаушылар «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының негізгі мақсаттары және міндеттерімен танысып, электрондық үкіметтің тиімділігі мен ақпараттық қауіпсіздікті сақтау туралы сұрақтар талқылады.

Азамат Совхозбаевич мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру және цифрлық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік қызметтер көрсету жолындағы жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып кетті.

Мемлекеттік қызметшілер осындай өзекті тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.

Барлығы
20
Шілде
Этно медиация бойынша практикалық сессия

2023 жылғы 19 шілдеде «Шиеленістерді реттеу және этномедиация» семинары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ассамблея жастары» ҚХА басшысы, Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейі директорының орынбасары Руслан Мырзағалиев, сондай-ақ Қостанай облысы медиаторлар қауымдастығының төрағасы Сергей Богатыревтың қатысуымен Қостанай қаласының Достық үйінде қонақ дәріс өткізілді. ✅

Дәріс барысында спикерлер этномедитацияның және медиаторлардың шиеленістерді реттеудегі айрықша рөлі туралы өзекті мәселелер көтерілді. Аудандар мен моноқалалардың мемлекеттік қызмет алушылары мен осы елді мекендердің тұрғындарының мүдделерін қозғайтын кейстер қаралды. Тұрмыстық және этносаралық ерекшеліктер негізінде шиеленістердің пайда болу себептеріне талдау жүргізілді.

Барлығы
19
Шілде
“Шиеленістерді реттеу және этномедиация” семинары аясында қонақ дәріс

2023 жылғы 18 шілдеде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында “Шиеленістерді реттеу және этномедиация” семинары аясында Қостанай облысы бойынша қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев қонақ дәріс өткізді.

Марат Кенжебекұлы этникалық қақтығыстарға талдау жасап, олардың алдын алу мен реттеудің практикалық технологияларын нақты мысалдармен түсіндірді.

Тыңдаушылар өзекті тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, азаматтардан келіп түсетін өтініштермен жұмыс жасайтын мамандар үшін арнайы осындай семинарды өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Барлығы
30
Маусым
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі

29 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.

2022-2023 оқу жылында Академияны 8 докторант және магистратура бағдарламаларының 162 түлегі дипломын сәтті қорғады.

Олардың ішінде Қостанай облысынан 6 магистрант, Наталья Мурсалина, Ақмарал Құрманова, Ренат Досаев, Жұлдыз Ілиясова, Сырым Нәси және Дауылбай Сакетов оқуын сәтті ақтады.

Түлектерімізді құттықтай отырып, олардың ел игілігі үшін қажырлы еңбектерінде табыс тілейміз!

Барлығы
30
Маусым
Жітіқара ауданының мемлекеттік қызметшілері үшін ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына оқуға қабылдау ережесін түсіндіру бойынша ақпараттық сессия

Жітіқара ауданының мемлекеттік қызметшілері үшін ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына оқуға қабылдау ережесін түсіндіру бойынша ақпараттық сессия өткізілді.

Филиал директоры Ақерке Бекахметова магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларымен таныстырып, құжаттарды тапсыру шарттары, конкурстық іріктеуден өту кезеңдері және Академияда оқудың артықшылықтары туралы ақпарат берді. Қатысушылардың модульдік бағдарлама бойынша оқу, жатақханада орналасу мәселесі, жас шектеулері төңірегінде түскен сұрақтарына жауаптар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, оқуға құжаттар ағымдағы жылдың 29 маусымына дейін https://admission.apa.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.

Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында магистратураға 120 орын, докторантураға 12 орын бөлінді.

Барлығы
30
Маусым
«ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) шеңберінде өтініштермен жұмыс» біліктілікті арттыру семинары

Филиалда ағымдағы жылдың 5-7 маусым аралығында «ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) шеңберінде өтініштермен жұмыс» біліктілікті арттыру семинары өтті. ?

Семинарға 134 мемлекеттік қызметші қатысты. Аталмыш семинарға деген үлкен сұраныс мемлекеттік органдар қызметіндегі тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Семинар барысында:

• Әкімшілік процедуралар туралы заңнама;

• «Электрондық өтініштер» жүйесінде өтініштерді тіркеу, есепке алу тәртібі;

• ӘРПК стандарттарын енгізуде «e-Otinish» ақпараттық жүйесін қолдану. Сұраныс бойынша тоқсандық есепті құру әдістемесі;

• Әкімшілік актісіне шағымдану: шағым беру тәртібі, шағымды қарау және шешім қабылдау;

• Медиация сот ісін жүргізудегі дауды шешу тәсілі ретінде;

• Өтініш берушілермен жұмыста тиімді коммуникацияларды құру;

• Ресми жазылым тақырыптары бойынша дәрістер өткізіліп, талқыланды.

Семинарға дәріскерлер ретінде

ҚР ӘРПК бойынша сертификатталған тренер Темірбаева Үмітгүл Қадырқызы;

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Құсаинова Гүлмира Мұханбетжанқызы;

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Салькеева Майра Жағалбайқызы;

Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарымсақова Динара Иосифқызы;

тренер-медиатор, «Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы» ҚҚ тең құрылтайшысы Зуев Игорь Александрович және «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің басшысы Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы шақырылды.

Барлығы
30
Маусым
Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері үшін Академияға түсу бойынша ақпараттық сессия

Кеше Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова  Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері үшін Академияға түсу бойынша ақпараттық сессия өткізді.

Қатысушыларға Академияға оқуға қабылдау ережелері, оның ішінде құжаттарды қабылдау тәртібі, конкурстық іріктеу кезеңдері, магистратура мен докторантураға қабылдау, үміткерлерге қойылатын талаптар, Академияда оқу мүмкіндіктері мен перспективалары түсіндірілді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсу үшін магистрлік бағдарламалар үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл және докторлық бағдарламалар үшін кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет.

Естеріңізге сала кетейік, оқуға құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 29 маусымына дейін жалғасады.

Барлығы
23
Маусым
Мемлекеттік қызметтің стратегиялық HR орталығының алғашқы отырысы

Академияның Қостанай облысы бойынша филиалында Мемлекеттік қызметтің стратегиялық HR орталығы ашылып, алғашқы отырысы өтті.

Отырысқа Қостанай облысының аудан, қала әкімдері аппараттарының, мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтерінің басшылары, талқылау комиссияларының төрағалары, конкурстық комиссиялардың төрағалары, @apa.kz түлектер қауымдастығының мүшелері, филиал жанындағы эксперттік кеңес мүшелері, филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы, ПЖКР резервшілері, мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.

Жиынды филиал директоры Ақерке Бекахметова құттықтау сөзбен ашып, орталықтың қызметімен таныстырды және орталықтың өңірдегі кадрлық әлеуетті дамытуға, әрі нығайтуға мақсатталған мәселелерді талқылайтын ашық диалог алаңы болатынын айтты.

«Мемлекеттік қызметтегі стратегиялық кадрлық жұмыс» тақырыбына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Салықбаев сөз сөйледі.

Қостанай облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Мэлс Әбдірахманов Қостанай облысы мемлекеттік аппаратының кадрлық әлеуетіне тоқталды.

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімі, ПЖКР резервшісі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша түлектері қауымдастығының мүшесі Арнұр Сартов жеке тәжірибесінің негізінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы мен жоғарылату мүмкіндіктері және перспективаларымен бөлісті.

Жиын соңында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келесі отырыс 2023 жылдың үшінші тоқсанында өтеді, күн тәртібіндегі мәселелер мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін ескере отырып құрылады.

Барлығы
21
Маусым
«Өңірдегі мемлекеттік сатып алулар» семинарының тыңдаушыларына арналған қонақ дәріс

«Өңірдегі мемлекеттік сатып алулар» біліктілікті арттыру семинары аясында 2023 жылғы 19 маусымда «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы Оксана Качкурованың қатысуымен қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Оксана Евгеньевна тыңдаушыларға мемлекеттік сатып алу процесі, жоспарлау кезіндегі қателіктер және олардың салдары, мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі жіберілетін бұзушылықтар туралы айтып берді.

Дәріс барысында мемлекеттік сатып алу саласын дамытудың басым міндеттері талқыланды. Өз кезегінде семинар тыңдаушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мемлекеттік сатып алу тетігін жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алды.

Барлығы