Академия
жаңалықтары

12
Август
«Әлеуметтік қорғау саласындағы халықпен жұмыс істеу тетіктері мен құралдар» атты семинар

Өткен аптада филиалымызда «Әлеуметтік қорғау саласындағы халықпен жұмыс істеу тетіктері мен құралдар» атты семинар өтті.?

Семинарды шақырылған мамандар
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары Әлия Мекебаева;
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары Максим Устинов;
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің қосымша білім беру бөлімінің бастығы Гүлнар Талапова өткізді.

Семинар қатысушылардың мемлекеттік қызметтер көрсетуге, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Барлығы
09
Август
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары» семинары

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары» семинары

Барлығы
09
Август
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары” семинарының тыңдаушылары үшін кеше Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі Марат Журкабаев дәріс өткізді.

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары” семинарының тыңдаушылары үшін кеше Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі Марат Журкабаев дәріс өткізді.

Сабақ барысында Марат Кенжебекұлы тыңдаушылармен бірге Қостанай облысының кейс мысалында қоғаммен тиімді қарым-қатынас мысалдарын талдап, өз тәжірибесімен бөлісті

Барлығы
08
Август
Абай Құнанбайұлының күніне орай “Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста! Абайдың 17-ші қара сөзі” атты ашық дәріс

2024 жылғы 14 тамыз күні сағат 14.00-де ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының күніне орай ұйымдастырылған челлендж аясында екінші ашық дәрістің өтетінін хабарлаймыз.

Дәрістің тақырыбы: “Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста! Абайдың 17-ші қара сөзі”.

Дәрісті қоғам белсендісі, “Мирас” кеңесінің басшысы, ұлт жанашыры, облыстық мәслихаттың депутаты Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы өткізеді.

Барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз!

Ұлы ойшыл бабамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғалатын әдемі іс-шараның куәсі болудың ерекше мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Өтетін күні: 2024 жылғы 14 тамыз.

Уақыты: 14.00-де.

Орны: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67, 2 қабат, 202 аудитория.

Алдын-ала тіркеу 8 777 373 88 73 WhatsApp нөмері бойынша жүреді.
Сонымен қатар дәрісті осы парақшамызда тікелей эфирде көре аласыздар.

Келіңіздер! Дәрістің құрметті қонағы болыңыздар!

Барлығы
08
Август
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары» семинарының тыңдаушылары үшін дәріс

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары» семинарының тыңдаушылары үшін кеше ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі, Қостанай облысы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов дәріс өткізді.?

Ерлан Болатұлы азаматтық қоғаммен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін егжей-тегжейлі ашып, мемлекет пен халық арасындағы белсенді өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар тиімді қарым-қатынастың әртүрлі билік деңгейлері мен азаматтар арасындағы ашық және сындарлы диалогқа қалай ықпал ететінін нақты көрсететін жағдайларымен бөлісті.

Спикердің пікірінше, мұндай өзара іс-қимыл халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және мемлекеттік институттарына деген сенімді арттыруға ықпал етеді.

Ерлан Болатұлына құнды дәріс және мемлекеттік қызметшілердің мемлекет пен азаматтар арасында өзара іс-қимылды одан әрі жақсартуға бағытталған құзыреттіліктерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!

Барлығы
06
Август
Абай Құнанбайұлы күніне орай «Өзіңнен өзің есеп ал» Абайдың он бесінші қара сөзі» атты ашық дәріс

«Абай күнін» мерекелеу аясында Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп челлендж форматында бірегей жобаға бастамашылдық етіп отыр.
Абай Құнанбайұлының қара сөздерін дәріптеу, әрі қазақ әдебиеті мен дүниетанымына сай танымдық ақпаратты тарату мақсатта өткізгелі отырған осы челлендж барысында филиал тыңдаушыларына және барлық тілек білдірушілерге ұлы Абайдың әр бір қара сөзіне арналып апта сайын ашық дәрістер өткізіледі деп жоспарлануда.✅

Бүгін жобанының тұсаукесер ашық дәрісі өтті. Алғашқы дәрісті Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхамедқали «Өзіңнен өзің есеп ал. Абайдың он бесінші қара сөзі» тақырыбында өткізді. Тұсаукесер барысында Ринат Зәкиұлы Абайдың он бесінші қара сөзінің мәнін түсіндіріп, ұлы қазақ ақыны мен ойшылының өмірі мен шығармашылығы туралы өз ойларымен бөлісті.

Дәріске филиал тыңдаушыларымен қоса, инстаграм желісі арқылы қызығушылық танытқан Қостанай қаласының тұрғындары қатысты.

Дәріс соңында Ринат Зәкиұлы келесі ашық дәріс өткізу челленджін қоғам белсендісі, “Мирас” кеңесінің басшысы, ұлт жанашыры, облыстық мәслихаттың депутаты Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызына жолдады.

Келесі ашық дәрістің өту күні мен уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Ашық дәріске қатысып біліміңіз бен танымыңызды кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар, құрметті оқырман!

Барлығы
05
Август
«Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық» семинарының легі өтті

А.ж. 29 шілде мен 2 тамыз аралығында «Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық» семинарының легі өтті. Семинарды филиалының кабинет меңгерушісі, жобалық менеджмент бойынша сертификатталған жаттықтырушы-консультант Айнұр Нақышбаева өткізді. ?

Семинар соңында тыңдаушылар сертификаттау емтиханын тапсырды.

Барлығы
05
Август
Құрметті қостанайлықтар!

Құрметті қостанайлықтар!

2024 жылғы 6 тамыз күні сағат 17.00де ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының күніне орай ашық дәріс өтетінін хабарлаймыз.

Дәрістің тақырыбы: ««Өзіңнен өзің есеп ал». Абайдың он бесінші қарасөзі».

Дәрісті Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали өткізеді.

Барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз!

Ұлы ойшыл бабамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғалатын әдемі іс-шараның куәсі болудың ерекше мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Өтетін күні: 2024 жылғы 6 тамыз

Уақыты: 17.00де

Орны: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67, 2 қабат, 202 аудитория

Алдын-ала тіркеу 8 777 373 88 73 WhatsApp нөмері бойынша жүреді.

Келіңіздер! Дәрістің құрметті қонағы болыңыздар!

Барлығы
30
Июль
«Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық» семинар

А.ж. 22-26 шілде аралығында «Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық» семинары өтті. Семинарды филиалының кабинет меңгерушісі, жобалық менеджмент бойынша сертификатталған жаттықтырушы-консультант Айнұр Нақышбаева өткізді. ?  

Оқу бағдарламасы келесі тақырыптарды қамтыды, атап айтқанда:  

Жобаларды басқару стандарттары және «ҚР СТ ISO 21502-2022 жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ҚР Ұлттық стандарты;  

Жобалық менеджментті мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу;  

Тұжырымдама және жобаларды басқарудың интеграцияланған әдістері;  

Жобаларды басқаруды ресімдеудің практикасы мен алғышарттары.  

Семинар соңында тыңдаушылар сертификаттау емтиханын тапсырды.

Барлығы
29
Июль
«Облыстың қалалары мен ауылдарын абаттандыру және дамыту (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару)» атты үш күндік семинар

Өткен аптада филиалымызда «Облыстың қалалары мен ауылдарын абаттандыру және дамыту (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару)» атты үш күндік семинар өтті.

Семинар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқаруда көшбасшылық және басқарушылық кәсіби құзыреттіліктер мен практикалық дағдыларды дамытуға бағытталды.

Семинарды филиалдың аға оқытушылары Ғайния Есеева мен Санжар Мирасбеков  өткізді.

Сондай-ақ, шақырылған дәріскер ретінде Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Сандыбаев сөз сөйлеп, облыстың қалалары мен ауылдарын абаттандырудың заманауи мәселелері тақырыбын ашты. Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев жайлы қалалық ортаны құрудағы қала құрылысы саясатының рөлі туралы айтып берді

Семинар аясында көшпелі практикалық сабақ өтті. Тыңдаушылар Ғайния Қалымжанқызымен бірге әлеуметтік жауапты тауар өндірушілердің қатысуымен ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы пилоттық жобаға айналған Қостанай ауданының үлгілі-көрме Жуковка ауылында барды.

Барлығы
29
Июль
«Облыстың қалалары мен ауылдарын абаттандыру және дамыту (тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты басқару)» семинарының тыңдаушылары үшін көшпелі практикалық сабақ

А.ж. 23 маусымда  «Облыстың қалалары мен ауылдарын абаттандыру және дамыту (тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты басқару)» семинарының тыңдаушылары үшін көшпелі практикалық сабақ ұйымдастырылды.

 

 Тыңдаушылар әлеуметтік жауапты тауар өндірушілердің қатысуымен ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы пилоттық жобаға айналған Қостанай ауданының Жуковка үлгілі-көрме ауылына барудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.

 

Бұрындары жағдайы мүшкіл бұл ауыл соңғы жылдары кәсіпкерліктің арқасында қайта жаңғырудың нағыз символына айналды. Өңірде танымал шұжық өнімдерін өндіруге маманданған «Аян-озат» ЖШС кәсіпорны құс фабрикасын салу және оған жаңа өмір сыйлаған ауылды жаңғырту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша өршіл жобаны іске асырды. 

 

«Аян-озат» ЖШС басшысы Валерий Розинов тыңдаушылар үшін қызықты экскурсия өткізіп, ауылда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпаратпен бөлісті. Семинарға қатысушылар ауылдың даму моделімен танысып, тәжірибе мен идеялардың белсенді алмасуына ықпал еткен көптеген қызықты сұрақтар қойып, жауап алды. 

 

Бұл іс-шара әлеуметтік кәсіпкерлік пен бизнестің белсенді іс-қимылдары ауылдық аумақтардың әл-ауқатына айтарлықтай әсер етіп, жергілікті тұрғындардың өмірін сапалы өзгерте алатынына біздің сенімімізді нығайтты.

 

Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға қызықты және өнімді тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз! 

Барлығы
19
Июль
Академияға оқуға қабылдануларыңызбен құттықтаймыз

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы @apa.kz магистратурасына конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша шартты қабылдануларымен
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ басшысы Мейірбек Исмағұловты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Бақытгүл Оспанованы құттықтайды! 

 Сәтті басталған жолды батыл әрі сенімді жалғастыруларыңызға тілектеспіз. Академиядағы оқудың әр күні қызыққа және жаңашылдыққа толы болсын, алған білімдеріңіз алдарыңыздан зор мүмкіндіктер ашсын!

Барлығы
16
Июль
Қостанай облысы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің кездесуі

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қостанай облысы Мемлекеттік басқару академиясы түлектері қауымдастығының кезекті отырысы өтті. ?

Іс-шараға қоғамдастық мүшелерімен бірге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Салықбаев қатысты.

Кездесу барысында биылғы түлектер қауымға қабылданып, оның қызметімен танысты. Биылғы жылға жоспарланған іс-шаралар талқыланды.

Биыл @apa.kz-now Қостанай облысының 3 мемлекеттік қызметкері оқуын аяқтады: Қайрат Сүйіндіков, Ерлан Қалмақов және Санат Исмағамбетов.

Түлектерге алған білімдерін Қазақстанның игілігіне жұмсап, халқына қалаулы, еліне салмақты тұлға болуын тілейміз!

Барлығы
04
Июль
Шілде айының оқу кестесі

?ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы сіздердің назарларыңызға ағымдағы жылдың шілде айына арналған оқу кестесін ұсынады:

? 22-24 шілде – « Облыстың қалалары мен ауылдарын абаттандыру және дамыту (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару)» біліктілікті арттыру семинары;

? 22-26 шілде — « Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық» біліктілікті арттыру семинары;

? 29 шілде – 2 тамыз — « Жобалық менеджмент. ҚР СТ ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификаттауға дайындық» біліктілікті арттыру семинары;

?Толығырақ ақпаратты 8 (7142) 54-15-26 нөмірі бойынша алуға болады.

Қызықтыратын тақырып бойынша оқуға өтініш беріп, құзыреттеріңізді бізбен бірге дамытыңыздар!

Барлығы
26
Июнь
Филиалдың мұражайы мен кітапхана қорына табысталған жаңа жәдігерлер

Осы жылдың басында біз мемлекеттік қызмет мұражайын толықтыру мақсатында үндеу жариялаған болатынбыз. Үндеуде біз облыстың мемлекеттік қызметімен байланысты естелік заттарды мұражай қорына тапсыруды өтінген едік.

Сол уақыттан бері филиалымызда орналасқан мұражай қорына келесі құнды жәдігерлер табысталды:

▪️Мемлекеттік мекемелердің жұмысында қолданылған және құжат айналымын компьютерлендіруге дейінгі дәуірді бейнелейтін “Лиственница” баспа машинкасы;

▪️ ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік қызметші Светлана Яковлевна Трегубоваға алғыс хаты;

▪️ “2016 жылғы 29 тамыздағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы жеңіл атлетика эстафетасының жеңімпазы”кубогы;

▪️ 2015 жылғы мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер арасындағы облыстық эстафета медалі.

Сонымен қатар, “Кітәпханға сый”акциясы шеңберінде филиалдың кітапхана қоры төрт басылыммен толықтырылды, олардың әрқайсысы білім мен кәсіби дамудың маңызды көзі болып табылады. Енді біздің барлық тыңдаушыларымыз осы еңбектермен танысып, көкжиектерін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Осы игі істерге қатысып, мемлекеттік қызметшілердің дамуына және мемлекеттік қызметтің мәдени мұрасын сақтауға үлес қосқан барлық адамдарға шын жүректен алғыс айтамыз.

Барлығы