Академия
жаңалықтары

07
Август
«Ақпараттық және киберқауіпсіздік» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары

Ағымдағы жылдың 2-4 тамызы аралығында филиалда «Ақпараттық және киберқауіпсіздік» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті. 

Ақпараттық және киберқауіпсіздік саласының мамандары, шақырылған тренерлер Азамат Қашиев, Жандос Мүбарак, Асқар Бекмурзин келесі тақырыптар төңірегінде тыңдаушылармен жұмыс жасады:

— IТ және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама

— «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық трансформация мәселелері

— Интернет – ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін қайнар көзі;

— Деректерді басқару процесіндегі ақпараттық қауіпсіздік;

— Киберқауіпсіздік және data driven government;

— Ақпараттық қауіпсіздік жобасын басқару;

— Ақпараттық қауіпсіздік және жасанды интеллект;

— Ақпараттық қауіпсіздік шаралары.

Семинарға қатысушылар көптеген пайдалы және практикалық ақпараттар алды, әріптестерімен тәжірибе алмасты, жағдайларды талдап, практикалық қызметтің ситуациялық мәселелерін шешті.

Тренинг қорытындысы бойынша тыңдаушыларға мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Барлығы
03
Август
«Ақпараттық және киберқауіпсіздік» тақырыбындағы семинар аясындағы қонақ дәріс

Ағымдағы жылдың 3 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Ақпараттық және киберқауіпсіздік» тақырыбындағы семинар аясында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысы Азамат Кашиев қоңақ дәріскер ретінде қатысты. 

Тындаушылар «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының негізгі мақсаттары және міндеттерімен танысып, электрондық үкіметтің тиімділігі мен ақпараттық қауіпсіздікті сақтау туралы сұрақтар талқылады.

Азамат Совхозбаевич мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру және цифрлық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік қызметтер көрсету жолындағы жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып кетті.

Мемлекеттік қызметшілер осындай өзекті тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.

Барлығы
20
Июль
Этно медиация бойынша практикалық сессия

2023 жылғы 19 шілдеде «Шиеленістерді реттеу және этномедиация» семинары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ассамблея жастары» ҚХА басшысы, Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейі директорының орынбасары Руслан Мырзағалиев, сондай-ақ Қостанай облысы медиаторлар қауымдастығының төрағасы Сергей Богатыревтың қатысуымен Қостанай қаласының Достық үйінде қонақ дәріс өткізілді. ✅

Дәріс барысында спикерлер этномедитацияның және медиаторлардың шиеленістерді реттеудегі айрықша рөлі туралы өзекті мәселелер көтерілді. Аудандар мен моноқалалардың мемлекеттік қызмет алушылары мен осы елді мекендердің тұрғындарының мүдделерін қозғайтын кейстер қаралды. Тұрмыстық және этносаралық ерекшеліктер негізінде шиеленістердің пайда болу себептеріне талдау жүргізілді.

Барлығы
19
Июль
“Шиеленістерді реттеу және этномедиация” семинары аясында қонақ дәріс

2023 жылғы 18 шілдеде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында “Шиеленістерді реттеу және этномедиация” семинары аясында Қостанай облысы бойынша қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев қонақ дәріс өткізді.

Марат Кенжебекұлы этникалық қақтығыстарға талдау жасап, олардың алдын алу мен реттеудің практикалық технологияларын нақты мысалдармен түсіндірді.

Тыңдаушылар өзекті тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, азаматтардан келіп түсетін өтініштермен жұмыс жасайтын мамандар үшін арнайы осындай семинарды өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Барлығы
30
Июнь
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі

29 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.

2022-2023 оқу жылында Академияны 8 докторант және магистратура бағдарламаларының 162 түлегі дипломын сәтті қорғады.

Олардың ішінде Қостанай облысынан 6 магистрант, Наталья Мурсалина, Ақмарал Құрманова, Ренат Досаев, Жұлдыз Ілиясова, Сырым Нәси және Дауылбай Сакетов оқуын сәтті ақтады.

Түлектерімізді құттықтай отырып, олардың ел игілігі үшін қажырлы еңбектерінде табыс тілейміз!

Барлығы
30
Июнь
Жітіқара ауданының мемлекеттік қызметшілері үшін ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына оқуға қабылдау ережесін түсіндіру бойынша ақпараттық сессия

Жітіқара ауданының мемлекеттік қызметшілері үшін ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына оқуға қабылдау ережесін түсіндіру бойынша ақпараттық сессия өткізілді.

Филиал директоры Ақерке Бекахметова магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларымен таныстырып, құжаттарды тапсыру шарттары, конкурстық іріктеуден өту кезеңдері және Академияда оқудың артықшылықтары туралы ақпарат берді. Қатысушылардың модульдік бағдарлама бойынша оқу, жатақханада орналасу мәселесі, жас шектеулері төңірегінде түскен сұрақтарына жауаптар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, оқуға құжаттар ағымдағы жылдың 29 маусымына дейін https://admission.apa.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.

Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында магистратураға 120 орын, докторантураға 12 орын бөлінді.

Барлығы
30
Июнь
«ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) шеңберінде өтініштермен жұмыс» біліктілікті арттыру семинары

Филиалда ағымдағы жылдың 5-7 маусым аралығында «ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) шеңберінде өтініштермен жұмыс» біліктілікті арттыру семинары өтті. ?

Семинарға 134 мемлекеттік қызметші қатысты. Аталмыш семинарға деген үлкен сұраныс мемлекеттік органдар қызметіндегі тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Семинар барысында:

• Әкімшілік процедуралар туралы заңнама;

• «Электрондық өтініштер» жүйесінде өтініштерді тіркеу, есепке алу тәртібі;

• ӘРПК стандарттарын енгізуде «e-Otinish» ақпараттық жүйесін қолдану. Сұраныс бойынша тоқсандық есепті құру әдістемесі;

• Әкімшілік актісіне шағымдану: шағым беру тәртібі, шағымды қарау және шешім қабылдау;

• Медиация сот ісін жүргізудегі дауды шешу тәсілі ретінде;

• Өтініш берушілермен жұмыста тиімді коммуникацияларды құру;

• Ресми жазылым тақырыптары бойынша дәрістер өткізіліп, талқыланды.

Семинарға дәріскерлер ретінде

ҚР ӘРПК бойынша сертификатталған тренер Темірбаева Үмітгүл Қадырқызы;

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Құсаинова Гүлмира Мұханбетжанқызы;

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Салькеева Майра Жағалбайқызы;

Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарымсақова Динара Иосифқызы;

тренер-медиатор, «Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы» ҚҚ тең құрылтайшысы Зуев Игорь Александрович және «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің басшысы Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы шақырылды.

Барлығы
30
Июнь
Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері үшін Академияға түсу бойынша ақпараттық сессия

Кеше Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова  Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері үшін Академияға түсу бойынша ақпараттық сессия өткізді.

Қатысушыларға Академияға оқуға қабылдау ережелері, оның ішінде құжаттарды қабылдау тәртібі, конкурстық іріктеу кезеңдері, магистратура мен докторантураға қабылдау, үміткерлерге қойылатын талаптар, Академияда оқу мүмкіндіктері мен перспективалары түсіндірілді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсу үшін магистрлік бағдарламалар үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл және докторлық бағдарламалар үшін кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет.

Естеріңізге сала кетейік, оқуға құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 29 маусымына дейін жалғасады.

Барлығы
23
Июнь
Мемлекеттік қызметтің стратегиялық HR орталығының алғашқы отырысы

Академияның Қостанай облысы бойынша филиалында Мемлекеттік қызметтің стратегиялық HR орталығы ашылып, алғашқы отырысы өтті.

Отырысқа Қостанай облысының аудан, қала әкімдері аппараттарының, мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметтерінің басшылары, талқылау комиссияларының төрағалары, конкурстық комиссиялардың төрағалары, @apa.kz түлектер қауымдастығының мүшелері, филиал жанындағы эксперттік кеңес мүшелері, филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы, ПЖКР резервшілері, мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.

Жиынды филиал директоры Ақерке Бекахметова құттықтау сөзбен ашып, орталықтың қызметімен таныстырды және орталықтың өңірдегі кадрлық әлеуетті дамытуға, әрі нығайтуға мақсатталған мәселелерді талқылайтын ашық диалог алаңы болатынын айтты.

«Мемлекеттік қызметтегі стратегиялық кадрлық жұмыс» тақырыбына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Салықбаев сөз сөйледі.

Қостанай облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Мэлс Әбдірахманов Қостанай облысы мемлекеттік аппаратының кадрлық әлеуетіне тоқталды.

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімі, ПЖКР резервшісі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша түлектері қауымдастығының мүшесі Арнұр Сартов жеке тәжірибесінің негізінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы мен жоғарылату мүмкіндіктері және перспективаларымен бөлісті.

Жиын соңында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келесі отырыс 2023 жылдың үшінші тоқсанында өтеді, күн тәртібіндегі мәселелер мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін ескере отырып құрылады.

Барлығы
21
Июнь
«Өңірдегі мемлекеттік сатып алулар» семинарының тыңдаушыларына арналған қонақ дәріс

«Өңірдегі мемлекеттік сатып алулар» біліктілікті арттыру семинары аясында 2023 жылғы 19 маусымда «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы Оксана Качкурованың қатысуымен қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Оксана Евгеньевна тыңдаушыларға мемлекеттік сатып алу процесі, жоспарлау кезіндегі қателіктер және олардың салдары, мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі жіберілетін бұзушылықтар туралы айтып берді.

Дәріс барысында мемлекеттік сатып алу саласын дамытудың басым міндеттері талқыланды. Өз кезегінде семинар тыңдаушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мемлекеттік сатып алу тетігін жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алды.

Барлығы
21
Июнь
HR-MeetUP

@apa.kz Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова HR-MeetUP конференциясына қатысты. Іс-шара өткен аптада Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ базасында өтті.

Конференцияға мекеме басшылары, HR-қызметтердің мамандары, Kusto Group халықаралық холдингінің, «ССКӨБ» АҚ, Варварин және Комаров тау-кен кәсіпорындарының, «Орынбор минералдары» АҚ қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығының өкілдері қатысты. Бұл персоналды іріктеу мен даярлауда халықаралық технологияларын табысты пайдаланатын, өз адамдарын әлеуметтік қолдаудың кеңейтілген жүйелерін енгізген компаниялар.

Спикерлер кадр мәселелерін шешудегі тәжірибелерімен, кадр резерві бойынша әзірлемелерімен, тәлімгерлер мектебімен, өздерінің оқу орталықтарымен бөлісті.

 

Барлығы
20
Июнь
Қостанай облысы бойынша филиалы облыстың мемлекеттік қызмет еріктілері арасындағы жиын

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы облыстың мемлекеттік қызмет еріктілері арасындағы жиынға ұйымдастырушылардың бірі ретінде қатысты.

Іс-шара өткен жұма күні “Жайлау” демалыс базасының аумағында мемлекеттік қызметшілер күні мен мемлекеттік қызмет органдарының 25 жылдығын мерекелеу аясында өтті.

Аталмыш іс-шараға облысымыздың мемлекеттік қызметшілері арасынан 100 ерікті қатысты.

Жиын Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиевтің, Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Сандыбаевтың және өңірлік Мемлекеттік қызмет істері Департаменті басшысы Ерлан Салықбаевтың құттықтау сөздерімен басталды.

Жиын қатысушылары үшін түрлі салаларында еріктілік тақырыбтарында тренингтер мен өзара іс-қимыл алаңдары өткізді. Қатысушылар топтарда жұмыс істей отырып, Қостанай облысында еріктілікті дамытуға бағытталған идеялармен алмасты.

Тренингтер мен топтық жұмысты ЮНИСЕФ Қазақстан волонтерлік бағдарламаларының және Ұлттық волонтерлік желінің басшысы Александра Крашинина, “Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы” ММ басшысының орынбасары Абылайхан Кәкенов, Қостанай облысының “ГрИн” Азаматтық Альянсы ҚҚ мүшесі Вагин Юрий, VI, VII сайланған облыстық мәслихат депутаты, Қостанай облысы әкімінің отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Гүлмира Капенова жүргізді.

Филиалымыздың директоры Ақерке Бекахметова корпоративтік еріктілікке бағытталған топқа жетекшілік етіп, сол бағытта еріктілікті жүзеге асырудың жолдарын талқылап, қатысушылармен ортақ ұсыныстар әзірледі.

Жиін волейбол және арқан тарту спорттық жарыстарымен аяқталды.

Барлығы
08
Июнь
Академия магистранттарының шетелде өткен тағлымдама туралы пікірлері

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында бүгінде магистратура бағдарламасында жеті қостанайлық мемлекеттік қызметші білім алуда. Олардың үшеуі жуырда Литвада Миколас Ромерис университетінде тағылымдамадан өтіп келді.

Осы постта қостанайлық магистрант Сырым Нәси тағлымдамадан алған өз әсерімен бөліскелі отыр.

Екі апта бойы магистранттар университет қызметкерлерімен және Литва мемлекеттік органдарының өкілдерімен танысуға мүмкіндік алды, олар Литвадағы жастар арасындағы кедейлікті басқару және азайту саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

“Миколас Ромерис университетінің қызметкерлерімен және Литва мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесулер өте нәтижелі болды. Біз Литвада жастар арасындағы кедейлікті басқару және азайту үшін қолданылған әртүрлі стратегиялар мен әдістерді талқыладық. Қорытындылай келе, мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығына шетелдік тәжірибені зерделеуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл тағылымдама маған жастар арасындағы кедейлікті басқару және азайту саласындағы білімімді кеңейтуге мүмкіндік берді”- дейді Сырым Қажымұратұлы.

Сондай-ақ, магистранттар Литва тарапынан ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыстарын білдіруде. Олардың қонақжайлылығы, кәсібилігі және ұйымдастырушылық күш-жігерінің арқасында тағылымдама сәтті өткендігіне ризашылықтарын білдіруде.

Құрметті оқырман, Сіз де қапы қалмаңыз, Академияға оқуға түсіп шетелде тағлымдамадан өту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Құжаттар а.ж. 29 маусымына дейін қабылданатынын естеріңізге саламыз.

 

Барлығы
06
Июнь
Пікірталас турнирі

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында « Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде өтініштермен жұмыс» семинары тыңдаушыларының қатысуымен пікірталас турнирі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен өзара серіктестік аясында бірлесе ұйымдастырылды. 

Пікірсайысшылар мемлекеттік аппаратты бюрократияландыруға, мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуінің қазіргі заманғы нысандарына және Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексінің талаптарына қатысты “жақтау” және “қарсы” тақырыптарын қорғады. 

Ойын қорытындысы бойынша үздік спикерлер ретінде “ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы” РММ бас маманы – Кішкенбаев Тимур Сейтахметұлы және “ҚР ДСМ қалыптастыру комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті” РММ бас маманы Хамзин Қайрат Қабиұлы танылды. 

 

Турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз және барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!
 

 

 

 

 

Барлығы
02
Июнь
Қайта даярлау курстарының ең белсенді тыңдаушылары

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдан бастап қайта даярлау курстарының (бұдан әрі — ҚДК) ең белсенді тыңдаушыларын қолдау мақсатында филиалымызда «Ең әдепті тындаушы» және «Топ көшбасшысы»номинациялары бойынша дауыс беру басталды. Мақсатымыз — ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі стандарттарын сақтайтын және топтағы іс-шараларға жоғары қызығушылық танытатын, барлық оқу тапсырмаларын жауапкершілікпен орындайтын, оқу процесінде белсенді, адал тыңдаушыларды анықтау.

Номинациялардың жеңімпаздарын қайта даярлау курстарының тыңдаушылары өздері таңдайды.

Сонымен, 2023 жылғы 2 маусымда аяқталған, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары тыңдаушыларының дауыс беруіне сәйкес

02-06 тобында:

«Ең әдепті тындаушы” номинациясына — Серик Терекулов;

«Топ көшбасшы» номинациясына — Әрсен Нұрсұлтан ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық бастамаларда жеңістер тілейміз!

Барлығы