Академия
жаңалықтары

02
Июнь
Қайта даярлау курстары тыңдаушыларының жобаларын қорғауы

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары жобаларды қорғаумен аяқталды.  

       Филиал оқытушыларының жетекшілігімен үш апта аралығында тыңдаушылар келесі: 

— «Лисаков қаласындағы Автокинотеатр»;  

-«E-recept» электрондық рецепт функциясын «DamuMed» қосымшасына енгізу;  

-«Жас жүрек» — Арқалық қаласында 55 жастан асқан аға буын үшін бос уақытты өткізу бағдарламасы»; 

— «Жітіқара қаласындағы демалыс аймағы”;   

-«SmartDrive» Интеллектуалды көлік жүйесі; 

-«IТ индустриясындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау» тақырыптары бойынша жобаларды әзірлеп қорғауға сәтті ұсынды.  

 

Барлығы
01
Июнь
4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара

2023 жылдың 1 маусымында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы «Тілдарын «облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-мен ынтымақтастық аясында ҚР Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізді. Бұл оқиға республика туының авторы Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына да арналды. Бұл іс-шараға бірінші рет басшы лауазымына тағайындалғандар үшін қайта даярлау курсының тыңдаушылары қатысты.✔️

Спикерлер филиалдың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Айнұр Нақышбаева, филиал профессоры Зәмзәгүл Шахаман және «Тілдарын «облыстық тілдерді оқыту орталығының» басшысы Тоты Айтмағамбетова болды. Басында Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің пайда болуына қысқаша тарихи шолу берілді. Ту, Елтаңба мысалында қазіргі мемлекеттік рәміздердегі қазақтардың философиясы мен мифологиясының көрініс табылуы көрсетілді.
Қатысушылар ұлттың бірыңғай мәдени кодын қалыптастыру, Қазақстан халқын біріктіру және балалар мен жастарды патриотизмге тәрбиелеу үшін мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын талқылады.

«Дөңгелек үстел» патриоттық әндерді орындаумен аяқталды.

 

Барлығы
14
Апрель
Брифинг

Кеше Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау науқанынң басталуы және оқуға қабылдау ережелері туралы» тақырыбында
брифинг өтті. 


Спикер, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Ақерке Бекахметова, @apa.kz бөлінетін гранттар мен оқу бағдарламаларының саны туралы айтты. Сонымен қатар магистратура мен докторантура бағдарламаларына түсу ережелері туралы баяндап берді. 

Барлығы
13
Апрель
«Басшылар үшін HR және мемлекеттік органның ұйымдастырушылық мәдениеті» семинарының тыңдаушыларына арналған ақпараттық кездесу

2023-2024 оқу жылына арналған ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу ережесімен кеше «Басшылар үшін HR және мемлекеттік органның ұйымдастырушылық мәдениеті» семинарының тыңдаушылары танысты. 

 

Оларды биылғы ережедегі жаңалықтармен  @apa.kz — ның Қостанай облысы бойынша филиал директоры Ақерке Бекахметова таныстырды. Аталмыш семинарға негізінен әр түрлі өңірлерден мемлекеттік мекемелердің персоналды басқару қызметтерінің басшылары қатысқандықтан, берілген ақпаратқа қызығушылық жоғары болды.  

Кездесу барысында сонымен академияда оқудың артықшылықтары мен түлектер үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер танысты.рылды. 

 

Ақерке Дәуренбекқызы тыңдаушыларға өз тәжірибесімен бөлісіп, Академия мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша және ПЖКР жобасы туралы егжей тегжейлі ақпарат берді. 

 

Тыңдаушылар ақпаратқа үлкен қызығушылық танытты және кездесу соңында спикерге жеке кеңес алу үшін жүгінді. 

Барлығы
13
Апрель
Қайта даярлау курсының тыңдаушыларына арналған мотивациялық дәріс

 

11 сәүірде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Б»корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсының тыңдаушылары үшін мотивациялық дәріс өткізілді.

Спикер ретінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры, @apa.kz Қостанай Түлектері қауымдастығының мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, @University of Leeds британдық жоғары оқу орнының түлегі Ақерке Бекахметова сөз сөйледі.

Дәріс барысында  Ақерке Дәуренбекқызы тыңдаушыларға @apa.kz — да оқудың артықшылықтары мен түлектері үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктері туралы баяндап , 2023-2024 оқу жылына арналған магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу ережесімен таныстырды.  Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілер үшін ПЖКР жобасы мен “Болашақ” бағдарламасы туралы да ақпарат берілді.

Дәріс диалог форматында өткендіктен, тындаушылар спикерге сұрақтар қойды, негізінен сұрақтар магистратура бағдарламалары бойынша академияда білім алу мүмкіндігіне, талаптар мен іріктеу кезеңдері туралы  және  2023 жылы өтетін ПЖКР жобасына үміктерлерді іріктеу мерзімдері бойынша болды.

Барлығы
12
Апрель
«Басшылар үшін HR және мемлекеттік органның ұйымдастырушылық мәдениеті» біліктілікті арттыру семинары

Адам ресурстарын басқару мәселелері басым және әрқашан өзекті болып табылады, әсіресе мемлекеттік қызметте. Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар Мемлекеттік қызмет жүйесіне жаңа талаптар қояды. Бүгінгі таңда HR саласында жаңа технологиялар мен білімді арттыру және Мемлекеттік қызметке үздік мамандарды тарту өте маңызды. 

Бұл туралы Қостанай облысы бойынша Академия филиалында «Басшылар үшін HR және мемлекеттік органның ұйымдастырушылық мәдениеті» біліктілікті арттыру семинары аясында түсіндірілді. Семинар ағымдағы жылдың 10-12 сәуір аралығында ұйымдастырылды. 

Тыңдаушылар адам ресурстарын басқару технологиялары, мемлекеттік органдардың басқару қызметінде HR менеджмент құралдарын қолдану туралы білім алды. 

Семинар материалдары өзекті және пайдалы болды, бұл туралы қатысушылар кері байланыс сауалнамасында бөлісті және оқыту сапасына да, семинарды ұйымдастыруға да 100% қанағаттанғандығын атап өтті. 

Барлығы
07
Апрель
«Жас мемлекеттік қызметші мектебі» республикалық жобасы аясындағы іс-шара

«Жас мемлекеттік қызметші мектебі» республикалық жобасы аясындағы бес күндік семинарда @apa.kz Қостанай облысы филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі Айнұр Нақышбаева тыңдаушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен таныстырып, заңнамаға байланысты  тестілеуден өтуге дайындады.

Семинар тыңдаушылары — облыстың жоғары оқу орындарының түлектері аталған тақырыпқа қызығушылық танытып,  маңыздылығын атап өтті.

 

Барлығы
07
Апрель
«Әйелдер көшбасшылығы: мансап пен отбасының тепе-теңдігін қалай сақтауға болады» біліктілікті арттыру семинары

«Әйелдер көшбасшылығы: мансап пен отбасының тепе-теңдігін қалай сақтауға болады» біліктілікті арттыру семинары ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 45-46 тармақшаларын практикалық іске асыруға бағытталған. Бағдарламаның мазмұны:

— Мансаптың сатылы моделін құру процесінде әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру және көрсету ерекшеліктері. Мансаптық және кәсіби даму жолындағы ішкі кедергілерді еңсеру.

— Мемлекеттік қызметтегі көшбасшылық құзыреттерді дамыту және әйел басшылардың мансаптық өсу құралдары мен технологиялары.

— Көшбасшылықтың ерлер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктері. Әйелдер көшбасшылығының түсінігі мен мазмұны. Ситуациялық көшбасшылық. Команда мен ұйымдағы ықпал ету стратегиясы.

— Әйелдің психологиялық, жыныстық және гендерлік дамуының негізгі кезеңдерін талдау. Мансап және отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтауға болады? деген сұрақтарды ашты.

Семинар мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің тәжірибесінде алған білімдерін қолдану бойынша «Басшы әйелдер кездесетін сын-қатерлер мен қиындықтар: оларды қалай жеңуге болады?» тренингімен аяқталды.

Әйел мемлекеттік қызметшілер тәжірибелі жаттықтырушылар

Игорь Зуев, жаттықтырушы-медиатор, практик психолог, Eurasian Training Centre, ETC (Еуразиялық мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығының (Қазақстан-Ирландия) түлегі, «Қостанай облысы медиаторлар қауымдастығы» ҚҚ тең құрылтайшысы;

Гүлмира Қапенова, Сертификатталған жаттықтырушы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері жөніндегі комиссияның өңірлік кураторы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшесі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық қоғамдық бақылау тобының мүшесі;

Шолпан Нұрқанова, экономика магистрі, жаттықтырушы, қосымша білім беру орталығының басшысымен бірге өңірдегі әйелдер көшбасшылығын дамытуға байланысты жобалық бастамалар әзірледі.

Барлығы
07
Апрель
«Әйелдер көшбасшылығы: мансап пен отбасының тепе-теңдігін қалай сақтауға болады?» семинар тындаушыларына арналған қонақ дәріс

Бұл сұрақтың жауабын спикер Несібелі Басеновамен қонақ кездесуде семинар тыңдаушылары қарастырды. Несібелі Басенова айрықша әйел, «Отбасы HELP» әлеуметтік жобасының жетекшісі, Қостанай облысы Әйелдер күштері альянсының Үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Қоғамдық бақылау» РҚБ филиалының директоры, «Қостанай облысы балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы. Сонымен қатар ағымдағы жылғы 8 наурыз қарсаңында Несібелі Зариванқызы «Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жылдың үздік жобасы» номинациясында «Аруана» Президент Әкімшілігінің жобасы бойынша ҚР Президентінің қолынан сыйлыққа ие болды.

Өңірімізде осындай айрықша әйелдер бар екеніне қуаныштымыз! Семинар тыңдаушылары үшін бұл ерекше кездесу болды. Өйткені әрқайсысының жеке өмірі мен еңбегінің пайдалы коэффициенті өмірінің негізгі салаларындағы қарым-қатынастарды қаншалықты теңестіре алатындарына тікелей байланысты.

Барлығы